Қазақ еліне +1 батыр

Еңселі елордамыздағы жігерлі жастардың бірі Гаухарбек пен Маринаның отбасында үлкен қуаныш. Дүниеге ат ұстарлары келіп, оған Әбухайыр деген ұлықты есім берілді.

Өмірге келген сәбиге Алла тағала мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін.

Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата - анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!

Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!

Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.

Құрметпен, Азамат - Ақжусан