Мәдениет министрі Дариға Назарбаеваға тамсанатынын айтты

1228
0
Бөлісу:

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның еңбегін жоғары бағалайтынын жасырмады. Бұл туралы ол TalkLike жобасында журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында айтты.

Әңгіме барысында журналист Райымқұловадан «еңбегін қатты бағалап, тамсанатын» үш әйелді атауын сұрады. Министр, ең бірінші кезекте, өз анасы мен енесінің өнегелі өмірін үлгі ететінін айтты.

«Әртүрлі қиындық болса да, адамгершілігін жоғалтпаған, мол тәжірибе жинаған, аналық махаббатын аямаған аналарымды өте қатты қадірлеймін. Сол кісілердің құндылықтарын сақтауға тырысамын», – деді ол.

Райымқұлова қазақтың ұлы композиторы Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбанованы да атады. Айтуынша, ол кісі екінші анасындай болып кеткен.

«Мені таңғалдыратын әйелдің бірі. Жас болып, консерваторияға келгенде, осындай адамды кездестіргенім үшін өзімді бақытты санаймын», – деп ағынан жарылды министр.

Ведомство басшысы үлгі ететін әйелдердің қатарында сенат төрағасы Дариға Назарбаева да бар.

«Бүгінде Дариға Назарбаева –  бізге, әйелдер үшін саясатта, жалпы өмірде, өзінің ақылдылығымен, ұстамдылығымен қатты әсер ететін тұлғалардың бірі», – деді ол.

Ал журналистің «саясатта сексизм түсінігі бар ма?» деген сұрағына:

«Менің министр болып тағайындалғаным, мұндай нәрсенің жоқ екенін көрсетеді ғой. Мемлекеттік органдарда, мәжілісте, сенатта гендерлік саясат жүзеге асады. Сондықтан мұндай нәрсе жоқ деп айтуға болады», – дейді Райымқұлова.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

алты + 9 =