Жоғары лауазымды полицейлер ұсталды

8472
1
Бөлісу:

Ақмола облысында жоғары лауазымды екі полиция қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен бірлесіп ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша полиция полковниктері Садуов А.Е және Жұмалина С.К байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.

Құқықбұзушылықтар жыл бойы болғаны анықталған. Полиция полковнигі Садуов полиция қызметінен босатылды. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Садуов полиция басқармасының басшысы орынбасары болып 2018 жылы сәуірде тағайындалған.  Жұмалина ішкі істер органында 20 жыл қызмет еткен, 7 жыл Ақмола облысының полиция департаментінің қаржылық қауіпсіздік бөлімін басқарған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

алты + он жеті =