Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждардың саны рекордтық деңгейге жетті

493
0
Бөлісу:

Мәжіліс депутаттары еліміздегі мұқтаждардың санын көріп қайран қалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда 2 миллион 100 мың адам әлеуметтік көмек алып отыр. Ал бюджет 1 миллион 400 мың адамға есептелген екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұның бәрі үкімет биылғы жылдың республикалық бюджетін қарастырғаннан кейін басталды. Одан кейін әлеуметтік блокқа қосымша қаржы бағытталған еді. Министрлер кабинеті еліміздегі мұқтаждардың бәріне жәрдемақы төлеу үшін, тағы 37 миллиард теңге бөлген.

Бұл туралы білген депутат Гүлжан Қарағұсова қайран қалды. Ол 2007 жылы мұқтаждарға берілетін жәрдемақыны жарты миллион адамның ғана алғанын атап өтті. Есесіне осы уақытта мемлекет түрлі жұмыспен қамту бағдарламаларына көп қаржы жұмсаған. Ал жұмыссыздар мен әлеуметтік аз қамтылғандардың саны арта түссе, ол қаржы қайда жұмсалған? Депутат жұмсалған қаржының есебін сұрап, өзі тұжырым жасауға уәде етті.

«Бізде небәрі 8 миллион адам ғана еңбекке жарамды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай жағдай болған емес. Сонда осы уақытқа дейін қолға алынған ауқымды жұмыспен қамту бағдарламалары нәтиже берген жоқ па? Бұл қалай болғаны? Бұған кім жауап береді?» – деді Қарағұсова.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он бір − 3 =