Қасым-Жомарт Тоқаев: Алтын Орда – қазақтың мәдени кодының маңызды бөлшегі

666
0
Бөлісу:

Алтын Орда – қазақтың мәдени кодының маңызды бөлшегі. Бұл жөнінде Сочиде өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы XVI отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға келсек, өздеріңіз де білесіздер, ол шын мәнінде және географиялық тұрғыда да еуразиялық ел саналады. Әрине, ел аумағының басым бөлігі Азияда орналасқан. Дегенмен, Қазақстан территориясының 4 пайызы еуропалық континентте жатқанын ұмытпау керек. Ол дегеніміз – 120 мың шаршы километр жер», – деп атап өтті Президент.

«Біз ислам, конфуцийшілдік және шығыс христиан өркениеттерінің тоғысқан тұсында орналасқанбыз. Ұлы Жібек жолы, Алтын Орда, еуразиялық өмір салты қазақтардың мәдени кодының маңызды бөлшегі саналады», – деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы XVI отырысына қатысты. «Әлемдік құрылым: Шығыстан көзқарас» тақырыбымен өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының биылғы отырысына Қазақстан Президентімен бірге Иордания королі Абдалла II, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Филиппин Президенті Родриго Дутерте қатысып жатыр.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт + 19 =