Тоқтап қалған әнұранды жанды дауыспен жалғастырып кеткен спортшылар елді тәнті етті (видео)

Қазақстандық спортшы қыздар тәнті етті. Үндістанда бадминтоннан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында әнұран өшіп қалған. Бұрымдылар бір сәт тосылмастан мемлекеттік гимнді акапелламен айтып шыққан.

Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.

Құрама сапындағы Камила Оразбаева ойынның қиын болғанын айтты. 3-орын үшін өткен ойында қытайлық қарсыластарын 11:10 есебімен жеңіп шыққан.

Камила ОРАЗБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Әр ұлт өзінің гимнін білу керек. Біз көрсеттік өзіміздің әнұранымызды айтатынымызды. Үшін орын енді, қуанамыз, не істейміз. Енді келесі жолы бірінші орынға ұмтыламыз.

Айта кетсек, су спорты түрлерінен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында атлеттеріміз 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп қайтты.