ИСЛАМ ӘБІШЕВ СИЯҚТЫ МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕР ТӨБЕСІНЕ КӨТЕРЕДІ

624
7
Бөлісу:

Ислам Әбіштің жақсылығын көрмеген руханият саласы мен өнер саласында адам өте аз. Қазір бұл азаматтың кезінде қандай қызметтер атқарғаны, жеке тұлғаларға, руханияттың жанашырларына, мемлекетке қандай жақсылықтар жасағаны жайында барлық ақпараттар елдің алдына шығып жатыр. Фейсбукте арнайы «ИСЛАМ ӘБІШТІ ҚОЛДАУ КОМИТЕТІ» деген парақша да ашылған. Осы кісі қамауға алынғаннан бері айтылып жатқан елдің пікірін бағып отырмын, әрбірін жеке ой таразысынан өткізіп жүрмін. Оның ішінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, саяси тұлғалар, руханият пен өнер саласының барлық адамдары тұр. Оларды тізбелеп жатудың керегі де жоқ. Олар не үшін Ислам Әбішті арашалап, қолдап, бостандық берсін деп талап етіп отырғанын қалың бұқара түсініп отыр. Себебі, бұл азамат жекелеген өнер мен руханияттың адамдарына да, бұқараға да жақсылығы өткен. Бұл кісінің істі ұйымдастырудағы тәжірибесін, қайраттылығын, талапшылдығын өмірде көп адамдардан да естідім. Өте қатал, білікті басшы. Жиналыста тапсырма алған жігіттердің кейбірі жиыннан шыққаннан кейін бұл кісінің талапшылдығы мен берген тапсырмасынан басымыз айналып кететін еді деп отырады. Бұл кісі өте талапшыл кадр. Жауапкершілікке берік болған адам ғана талап қояды, берген тапсырмасын орынтатады, іске асырады. Соның арқасында қызметіндегі жоспарлы жұмыстарды дер кезінде орындатып, іске асырып отырған. Н.Назарбаев та бұл азаматты бір кездері жолдағылар қызметінен кетірген кезінде өзі арнайы шақырып, қайта тағайындаған еді.

Соңғы кезде қазақ қоғамында бір сұрақ сұмалаңдап ортаға шыға беретін болды. Қазақтың ұлттық кадрларына 1931-1937 жылдың дауылы төнді ме? Қазақтың өсіп, өркениетті елдермен терезесі тең болып кетуі кімдердің тақиясына тар келіп отыр? Неге біздің елде білікті, ұлтшыл, іскер, қазақ руханиятының қамқоршылары, елдің әлеуметтік хал-ахуалын терең білетін, қазақтың жан-дүниесін түсіне алатын білікті менеджерлер тұтқынға түсіп, миллиондаған долларлап пара алған жемқор қылмыскерлер бостандықта жүр? Жауап біреу ғана. Қазақтың өсіп, өніп, ел болғаны орысшыл жемқор топтың мүддесіне сай келмейді. Қазақтың қазынасына да, руханиятына да, ұлттық құндылықтарына да шаш етектен зиян келтіріп отырған орысшыл топ ұлттың ең өзекті жері – білікті кадрлары мен менеджерлерін де қуғынға ұшыратып, ұлттық кадр жүйесін аяусыз ақсатып отыр. Білікті кадрлары жазықсыз қамалған ел өзінен өзі тобырға айналып, еліне ие бола алмай қалады. Соңы ешбір жауапкершілікті сезінбейтін қоғам пайда болады. Біз сондай ел болдық. Біз текті азаматтарымызды қаматып, жауапкершіліктен жұрдай қоғамға айналып үлгердік. Бұған тек өзіміз ғана кінәліміз. Соның салдарынан Қазақ елінің ғылыми әлеуеті ақсап, саяси-құқықтық басқару органдары да әділетсіздердің қолында қалды. Дәл қазіргі ақпараттың тасыған ғасырында білікті кадрларынан айырылған Қазақ мемлекеті барлық ғылыми потенцияланан да айырылып отыр. Біздің уақыттан оңбай таяқ жейтін кезіміз де жақындап қалды.

Қазақтың ортақ қазынасының бір жарым триллион теңге қаржысын үнемдеп, талан-таражға түсіп кетуге жол бермеген білікті басшы, Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев зейнет жасына келіп қалған уақытында, еңбегінің қызығын көремін деп, немерелерінің алдында аталық өсиетін айтып отыратын шаққа жеткенде басына дауыл төніп отыр. Бұл кімге керек болды? Бұл мемлекеттің қазынасынан бөлінген миллиардтарды өзара бөліске салатын жемқорларға ғана керек болды. Мемлекетшіл азаматтар жаратылысынан жемқорларға жақпайтыны айдан анық. Сол жемқорардың құрбандығының қатарына саяси құрбандық болып Ислам Әбіш те қосылып отыр. Қазақтың көсегесін көгертетін, өркениеттің жолына жетелейтін білімді кадрларға қазақ қоғамы неге араша болмай отыр? Қазақтың болашағы тек қана соларға ғана керек пе? Азаматтарың бірінен соң бірі қамалып жатыр емес пе? Біз қашан ортақ идеяларға жұмыс жасаймыз? Қазақ мемлекеті құлап біткеннен соң ба? Қазақтың өзі елім деген ұлына араша болмаса, жаны күйіп, жауыры қажалмаса, мынау елде қайдағы әділдік пен өркениет болады? Біз қазақ қоғамы елшіл, ұлтшыл, білікті азаматтардың жазықсыз тұтқындалуына қарсы тұрып, араша болып, қамақтан алып қалуымыздың өзі ұлттық идеяларға жұмыс жасағанымыз болады. Ислам Әбіштей ұлыңа араша бол, Қазақ елі! Ол сендердің балаларыңың қазынадағы несібесін қорғаймын деп қамауға алынып отыр. Біздің білікті менеджерлердің жолын қазақты өркениетті елдермен терезесі тең болсын деген ниеттен тым аулақ, қазақтың өсуіне мүдделі емес, болашақтарыңа, ұрпақтарыңа кесір ғана алып келетін жемқорлар мен жүйенің ыңғайына бой ұрған саяси сайқалдар кесіп отыр.

Бекболат Қаржан,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Абзал Алпысбайулы 1 Қазан, 2019 15:24 Жауап

    Бизде торине емес, турмеге камап отыр! Жазыксыз жала жабылып камауга алынган биликти тулга Ислам Абишевке бостандык берилсин!

  2. Алмас Асемханулы 1 Қазан, 2019 17:45 Жауап

    Қазіргі дамушы мемлекеттерді алға тартатын әккі менеджерлер. Бұл саладағы кадрлар әлемде қатты бағаланады. Бізде болса артынан ит айтақтатып түрмеге тығады.

  3. Алмас Асемханулы 1 Қазан, 2019 17:49 Жауап

    Таяудп шешенстан президенті басқа ресей республкаларының дамуына бпйланысты сыни пікір білдіріп оларда менеджметтік басқаруы дамымаған деген ой айтқан болатын. менеждмерлкрдің қадірін Қадыріп білшен сияқты.

  4. АЙША 1 Қазан, 2019 22:51 Жауап

    Ұрпақ несібесін қызғыштай қорғаған қайран Əбішев ағамыз. Алла қолдасын сізді.

  5. Айжан 2 Қазан, 2019 20:11 Жауап

    Алла жар болып, абактыдан босап шығып,отбасынызга аман-есен кауышуды жазсын Аллам!Әділдік түбінде жеңіп шығары Хақ!

  6. Әсел Ақболатқызы 5 Қазан, 2019 22:29 Жауап

    Жақсы адамдардың есімі Халық жадында мәңгі қалатыны сөзсіз. Әбішевтің жасаған жақсылықтарын айта беруге біз де жалықпаймыз. Әрі ұмытпаймыз.

  7. Әйгерім Өтебайқызы 5 Қазан, 2019 22:35 Жауап

    Біздің билік Барды бағаламайды. Анығырақ, Исламдай халық Жанашырларын бағаламай, қадірін түсінбей, Миы болса да қолдана алмайтын Мәңгүрттерді Аспанына көтеріп асыр салады. Жағымпаздық па әлде шынымен Адам танымай ма?

Пікір немесе жауап жазу

жиырма + 3 =