Ерлан Қарин Ұлттық кеңес жұмысы жайлы: 77 пунктіден тұратын жоспар бекітілді

909
12
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің алғашқы отырысынан кейін қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы айтты, – деп хабарлайды baq.kz.

«Қыркүйек айының басында өткен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар жинақталып, жүйеленді. Содан кейін ол ұсыныстарды қарау бойынша арнайы жоспар қабылданды. 77 пунктіден тұратын жоспар Президент әкімшілігі жетекшісінің қолымен бекітілді. Бұл жоспарға сәйкес мемлекеттік органдар мен Президент әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері қазан айының 20-ына дейін Кеңес мүшелері көтерген әр мәселе бойынша өздерінің сараптамасын беру қажет» – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Ерлан Қарин «алдағы уақытта Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары өздерінің бағыттары бойынша Ұлттық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен мәжілістер өткізетінін» атап өтті.

«Бұл ұсыныстар жан-жақты пысықталғаннан кейін қазан айының аяғында немесе қараша айының басында аталған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша жоспар қабылданатын болады. Яғни, Ұлттық кеңестің ішінде қазір өте ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әрбір қадам бойынша Кеңес мүшелерімен кездесіп хабардар етіп отырмыз» – деді Ерлан Қарин.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. Аскар 1 Қазан, 2019 12:35 Жауап

    Ұлттық кеңесте айтылған дүниелер сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде орындалар деп үміттенеміз

    • Аягул Ермек 1 Қазан, 2019 12:39 Жауап

      Иә осылай атқарылған дүниелер жарияланып отырса жақсы болушы еді.

  2. Ереке Ерболов 1 Қазан, 2019 12:52 Жауап

    Ерлан Қарин. ҰК жайлы хабарлама беріп отырғаныңызды қолдаймын. Елімізге пайдалы дүниелере жасала берсін.

    • Сабит Тасқынов 1 Қазан, 2019 17:41 Жауап

      77 пунктен тұрады дегені де мен үшін қызық болып тұр, қалай болар екен?

  3. Раxим 1 Қазан, 2019 17:39 Жауап

    Карин жарайсыз, улттык кенестін біраз жумыс істеп жатқаны көрініп тұр

  4. Мәмбет Құрманбаев 1 Қазан, 2019 18:10 Жауап

    Ұлттық Кеңесте көтерілген мәселелер іс жүзінде жүзеге асуын қолдаймын!

  5. Жанат 1 Қазан, 2019 18:23 Жауап

    Ұлттық кеңестегі мәселелер халықтық болған соң шешімдерін тауып, жұмыстарын жоғарғы деңгейде атқарады деп сенеміз. Ұлттық мәселелер әрқашан ұлттың қамы болу керек.

  6. АЙША 3 Қазан, 2019 20:21 Жауап

    Ұлттық кеңес ұлт ұпайын түгендейді.Əрі ел үмітін ақтайды.Ел ағаларының сенім артқанына қарап зор сенім арттық.

  7. Мира 3 Қазан, 2019 20:25 Жауап

    Ұлттық кеңес ең бірінші мемлекеттік тіл туралы арнайы заң қабылдатса жақсы еді.

Пікір немесе жауап жазу

14 − 9 =