Шардаралықтар қарттар күнін атап өтті

Алдымызда келе жатқан 1-қазан Қарттар күніне орай Түркістан облысы, Шардара аудандық Мүгедектер Қоғамының төрағасы Ерназар Қуаныштың бастауымен Шымкент қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйіне арнайы концерттік бағдарламасымен келді.

Қарттар мен мүгелектерге сый сияпасын жасап, концерттік бағдарламасымен көпшіліктің көңілдерін көтеріп, сол жердегі қариялардың батасымен ризашылығын алды.

"Қарттарым аман сау жүрші" атты іс шараны облыс бойынша алғаш болып бастаған Шардаралықтарға мекеме басшысы Дәрібаева Нұргүл Рәтбекқызы да ризашылығын білдіріп, көпшіліктің атынан алғысын жеткізді.

Облыс бойынша алғаш болып қарттар күніне орай мерекелік іс шараны бастаған Шардаралықтарға тек қана жақсылық тілеп Ақ жол тілейміз! Әрқашан биіктерден көріне берулеріне тілектеспіз!