«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ РЕСЕЙГЕ ҚАРАЙДЫ МА?

1546
1
Бөлісу:

Белгілі ақын, Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Иса «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының жұмысын сынға алды.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Ресейге қарайды ма? Төлем қағаздары неге ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКТТІК ТІЛІНДЕ ЕМЕС, РЕСЕЙДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНДЕ?! – деп жазған қоғам қайраткері ақылы жолдың кемшіліктерін де атады.

– «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы Жаркенттен Алматыға бір ғана жол жүріп өткені үшін 2510 теңге жолақы ұстап қалды. Көлік маркасы Ленд Грузер 200. Алматыдан Жаркентке таксимен барсаң да 2500-3000 тг көлемінде ақы алады. Сонда өз көлігіңмен өткенің үшін мұндай қымбат жолақы не үшін ұсталды? – деп жазды Қазыбек Иса.

Аталмыш сыннан кейін «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Мекеменің жауабын да оқырман қауымға ұсынамыз:

«Кеш жарық, Қазыбек аға! Жанашырлық танытып жазған сыныңызға рахмет.

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның төлем қабылдау жүйесі ҚР ІІМ-нің дерекқорымен біріктірілген. ҚР ІІМ-нің дерекқорынан алынған ақпаратқа сәйкес Сіздің автокөлігіңіздің жүк көтеру салмағы – 1100 кг-ды құрайды.

Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24-желтоқсандағы №903 Бұйрығына сәйкес (жүк көтергіштігі 1 тоннадан 2,5 тоннаға дейін) Сіздің көлігіңіз 3-ші санат болып табылады. Ал, жоғарыдағы бекітілген бұйрық бойынша жеңіл көліктер үшін «Алматы-Жаркент-Алматы» бағытының жолақысы – қолма-қол төлесеңіз 1200 теңгені, алдын ала төлем жасасаңыз 600 теңгені құрайды. Техникалық ақаулыққа байланысты артық алынған қаражат Сіздің автокөлігіңіздің тіркеу нөміріне (шотыңызға) қайтарылады.

Жол ақысы төленгенін растайтын фискальді түбіртектің мемлекеттік тілде басып шығарылмауы туралы жұмыс жүргізетін боламыз. Жақын уақытта оң шешімін шығаруға атсалысатын боламын. Түзетілген күні өзіңізге хабарлаймын.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жанжігіт Омархан,

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Баспасөз хатшысы».

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 28 Қыркүйек, 2019 22:00 Жауап

    Кеш жарық, Қазыбек аға! Жанашырлық танытып жазған сыныңызға рахмет.

    «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның төлем қабылдау жүйесі ҚР ІІМ-нің дерекқорымен біріктірілген. ҚР ІІМ-нің дерекқорынан алынған ақпаратқа сәйкес Сіздің автокөлігіңіздің жүк көтеру салмағы – 1100 кг-ды құрайды.

    Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24-желтоқсандағы №903 Бұйрығына сәйкес (жүк көтергіштігі 1 тоннадан 2,5 тоннаға дейін) Сіздің көлігіңіз 3-ші санат болып табылады. Ал, жоғарыдағы бекітілген бұйрық бойынша жеңіл көліктер үшін «Алматы-Жаркент-Алматы» бағытының жолақысы – қолма-қол төлесеңіз 1200 теңгені, алдын ала төлем жасасаңыз 600 теңгені құрайды. Техникалық ақаулыққа байланысты артық алынған қаражат Сіздің автокөлігіңіздің тіркеу нөміріне (шотыңызға) қайтарылады.

    Жол ақысы төленгенін растайтын фискальді түбіртектің мемлекеттік тілде басып шығарылмауы туралы жұмыс жүргізетін боламыз. Жақын уақытта оң шешімін шығаруға атсалысатын боламын. Түзетілген күні өзіңізге хабарлаймын.

    Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

    Жанжігіт Омархан,
    «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Баспасөз хатшысы

Пікір немесе жауап жазу

бес × 5 =