Елордада әдеби-сазды бал кеші өтті

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Әдеби-сазды бал кешін ұйымдастырды.

Аталмыш ісшара «2019 жыл – Жастар жылын» қолдау аясында өткізілді.

Әдеби-сазды балды өткізудің басты мақсаты – отандық әдебиетті жаңа қырда жаңдандыру, қоғамды мәдениет пен өнерге баулу, сонымен қатар, өнер және әдебиет саласын бір арнаға тоғыстырып, есте қаларлық кеш өткізу. Сонымен қатар жастардың мәдениеті мен Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясының өкілдерімен байланысын, мәдени және адами құндылықтарды насихаттайтын алаң құру.

Кеш барысында еліміздің танымал ақын-жазушыларымен және Нұр-Сұлтан қаласының жарқын жұлдыздарымен кездесу өтті. Сондай-ақ, өмірдің сахнасын суреттейтін көркем де, әсем табиғаттың жаратылысыіспеттес әдебиет майданындағы кейіпкерлер сахнағ шықты.

Идеяның бастамашысы және іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы болып табылады.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, оқырмандар және т.б. қатысты.