Қасым-Жомарт Тоқаев «Goldman Sachs» компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті

339
6
Бөлісу:

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Goldman Sachs» компаниясымен ынтымақтаса отырып Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Ереке Ерболов 26 Қыркүйек, 2019 10:11 Жауап

    АҚШ та жүріп аз уақыттың ішінде біраз шаруа тындыруда. осылай еліміз үшін тиімді дүниелер жасай беріңіз.

  2. Замира 26 Қыркүйек, 2019 17:41 Жауап

    Екі жақты келісімдер мен жобалар жұзеге аса берсін, Президенттің елімізге әлемнің мықты компанияларын шақырып жатқан дұрыс.

    • Шокан 27 Қыркүйек, 2019 12:01 Жауап

      Призедентіміз әлем алдында нақты әрі өзекті тақырыптарды қозғап, жақсы баяндама жасап шығарыпты.

Пікір немесе жауап жазу

5 + 5 =