Қайнар Олжай: Журналистер термин сөздерді өздерінше аударып алады

623
0
Бөлісу:

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Онлайн-семинарда «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы Қайнар Олжай (Нұр-Сұлтан) «Қазіргі қазақ тіліндегі термин сөздер әр шофер өзіне-өзі жол салып алған екі қыстаудың арасы сияқты. Әрбір журналист өзінше аударып алған» деп атап өтті.

Ал, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Бауыржан Иманғалиев (Нұр-Сұлтан) БАҚ және тіл мәдениетіне терең тоқталды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Сағатбек Медеубек (Алматы) «Термин қалыптастыруда журналистер қызметі маңызды. Сондықтан олардың сөз қолданудағы бірізділікке бағыттайтын бағдарлама болған абзал»-деп сөзін түйіндеді.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Алмагүл Әділова (Қарағанды), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультетінің доценті, ф.ғ.к. Балкенже Қарағұлова (Ақтөбе), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шурентаев (Қостанай) БАҚ терминдерінің қордаланған мәселелері төңірегінде ой өрбітті.

Саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуды насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының орыны басым. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен дамуында да БАҚ айрықша ролге ие.

Міне, БАҚ өкілдері, белгілі лингвист-ғалымдар, бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде қолданылатын терминдердің табиғаты мен ерекшеліктері, мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылу мәселелерін талқылады. Әсіресе терминжасам барысында кездесетін қиындықтар, телевизия саласындағы сөз мәдениетін, жарнамадағы сөз қолданудағы олақылықтар жөнінде «Хабар» арнасының аға редакторы Меруерт Байғара «Аударма дегеннің өзі – басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу. Десекте жарнама мәтінін қазақшалау кезінде қиындықтар туындап жатады. Мәтін орыс тілінде болғандықтан аударма уақыт жиелегіне сәйкестендірілмейді»-деген ойымен бөлісті.

Онлайн-семинардың терминология саласында әліде күрмеуі шешілмеген зәру мәселерінің бар екендігі айтылды. Бүгінде электрондық басылымдар газеттен де жылдам, сайттар радио мен теледидардың да алдын орап, көпшілік аудиториясын шапшаң хабарлар ететін дәрежеге жетті. Осыған орай коммуникация саласы, кино, радио, телевидение, интернет, сайт салаларының аудиториясы өз аймағынан асып, бұқараның күнделікті тұтынатын әрі қажетті құралына айналды. Телеиндустрия мен радионың және интернет пен электронды басылымдардың өркендеуі міндеттер жүктеуде. Күн санап тілдік қолданыс аясына кеңінен еніп жатқан терминдердің халық игілігіне айналауына БАҚ үлесі ауқымды болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

жиырма − 9 =