«Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты семинар өтеді

314
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинарын өткізеді.

Әдістемелік семинардың өзектілігі Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында салалық терминдерді біріздендіруге және іріктеу критерийлерін белгілеуге негізделген.

Әдістемелік семинардың мақсаты – салалық терминологияны қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту тұрғысында қарастыру және терминдерді іріктеу мен ресми бекітуге қойылатын негізгі талаптарды айқындау.

Аталған әдістемелік семинарда салалық терминологияны жандандыру, терминдерді қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру мәселелері қозғалып, әркелкі қолданылып жүрген кейбір сәтсіз баламаларды өзгерту мен түзету жолдары талқыланады.

Сондай-ақ семинардың баяндамашылары латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу барысында термин сөздердің бірге және бөлек жазылу белгілерін анықтау жолдарын көрсетеді.

Іс-шараға жетекші ғалымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшелері, Ұлттық аударма бюросы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны мен уақыты: 27 қыркүйек 2019 жыл, сағ. 10.00

Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40, Достық үйінің Мәжіліс залы.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-30-42

8-701-124-19-75; 8-701-675-26-6

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

13 + он сегіз =