Бердібек Сапарбаев: Кредит алардан бұрын "ертең оны қалай қайтарам" деп ойлану керек

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Өскеменде тұрғындармен кездесуде айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында өткен кездесуге өңірдің 300 тұрғыны қатысты. Жиында әлеуметтік көмек, медициналық қызметтің қолжетімділігі, спорт, білім мен инклюзивті оқытуды дамыту туралы сөз қозғалды.

Тұрғындардың бірін несиені кешіру мәселесі қызықтырды. Сұраққа жауап бере келе "екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдарда несиесі бар отбасылардың қарызы кешіріледі. Жалпы, кредит алардан бұрын "ертең оны қалай қайтарам деп" ойлану керек", -деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, бұдан былай көпбалалы аналарға бөлек материалдық көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ олар атаулы әлеуметтік көмекті де ала алады.