Қазақ тілінің латынға ауысуы әлемдік мәдениетпен ұштасуы үшін өте маңызды – Назарбаев

823
2
Бөлісу:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиіне көшуінің маңызын атап өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  «Әлемде болып жатқан жағдайларға Қазақстан этникалық келісім мен толеранттық үлгісі ретінде нәтижелі өнеге көрсете алады. Қазақ тілінің латынға кезең-кезеңімен ауысуы әлемдік мәдениетпен ұштасуы үшін өте маңызды. Мыңдаған жастарымыз 1993 жылы жарияланған «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлем университеттерінде мемлекет есебінен білім алды. Ендігіде он мыңдаған дайын маман елге оралып, жұмыс істеп жатыр», – деді Назарбаев Еуразия елдері парламент спикерлерінің 4-кеңесінде.

Ол әлемдік деңгейдегі бірқатар университеттің құрылуын атап өтті.

«Өткенге қарап, 30 жылға толмас уақыт ішінде осыншама үлкен тарихи жол жүргенімізге сене алмаймын», – дейді ол.

Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» Еуропа және Азия елдерінің парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Черногория, Словакия, Солтүстік Македония, Молдова, Оман, Катар және Непал парламенттерінің спикерлерімен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Бейсен 24 Қыркүйек, 2019 22:00 Жауап

    Қазақ тілі ешқашан латынға ауыспайды, ол мүмкін емес, себебі жер бетінде ондай тіл жоқ.

  2. мәулітқазы. д 26 Қыркүйек, 2019 22:53 Жауап

    латынға әлпбейне міндетті түрде көшуіміз керек !әрі тез арада , сонда ғана нағыз саясый және мәденый тәуелсіздікке зор қадам жақындай түсеміз ..

Пікір немесе жауап жазу

бір × төрт =