Қазақстан Президенті «Bloomberg» ақпарат агенттігінің басшысымен кездесті

563
4
Бөлісу:

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы «Bloomberg» ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті, – деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен «Bloomberg» ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін «Bloomberg» Жаһандық бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, Президент алдағы іс-шара жұмысына Қазақстанның атынан «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысатынын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергке Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, америкалық бизнесменді «Астана» халықаралық қаржы орталығымен белсенді ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Майкл Блумберг кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, қазақстандық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Берик Аринов 24 Қыркүйек, 2019 17:56 Жауап

    Қазақстанға келіп, АҚШ тың тәжірибелерімен бөліссе жақсы болады деп ойлаймын

  2. Сауле 25 Қыркүйек, 2019 10:38 Жауап

    АҚШ экономикасы мықты елдің бірі болып есептелетіндіктен, жақсы қарым-қатынаста болуы арқылы көп нәрсе үйренуге болады.

Пікір немесе жауап жазу

14 − 4 =