Мемлекет басшысы АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

470
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама штаттарына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

ҚР Президенті Нью-Йоркте өтетін Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Сапар 5 күнге жалғасады деп жоспарланып отыр. Оның аясында көптеген шет мемлекеттердің басшыларымен екі жақты кездесулер өтеді.

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар мемлекет және Үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес, трансұлттық компания өкілдерімен, АҚШ-тың саяси әрі сарапшы топ мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Президенттің АҚШ-қа келуі қарсаңында америкалық беделді басылым «The Hill» газетінде оның мақаласы жарық көрді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

10 + 8 =