МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ жөнінде МӘЛІМДЕМЕ жасалды

5344
12
Бөлісу:

Алматыда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс кеңейтілген Алқа отырысы өтті, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбайұлы «Қазақ тілі» қоғамы және жалпы қоғам үйлесімі» атты баяндама жасады.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Ерден Қажыбек ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың халыққа Жолдауы хақында баяндама жасады.

Ерден Қажыбек осы уақытқа дейін бірнеше тіл туралы заң жобаларын жасағандар ішінде Азат Перуашев басқаратын «Ақ жол» партиясы 2012 жылы Тіл туралы заң жобасын жасады» деп атап өтті.

Жиын барысында белгілі ақын, Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Иса сөз сөйлеп, өзінің Ұлттық Кеңестегі ұсынысы – «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ және ол үшін КОНСТИТУЦИЯДАН ОРЫС ТІЛІ ТУРАЛЫ 7-баптың 2-ші тармағын АЛЫП ТАСТАУДЫҢ УАҚЫТЫ ЖЕТТІ» деген талабын қайталады.

Бұл ұсыныс «Қазақ тілі» қоғамының да негізгі ұсынысы болды! Жиында сөйлеушілердің барлығы осы талапты қолдады. Қорытындысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауындағы «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келеді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет”, –деген тапсырмасын басшылыққа алған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс пленумы МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ жөнінде МӘЛІМДЕМЕ жасады.

Осы пленумда біраз тіл жанашырлары «АНА ТІЛІ» айрықша белгісі» медалымен марапатталды.

Пленумда Өмірзақ Айтпайұлының денсаулығына байланысты Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президенті міндетін атқарушы болып Ерден Қажыбек бекітілді.

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. Алмас Асемханулы 20 Қыркүйек, 2019 15:36 Жауап

    Қазақ тілін мемлкетттік деңгейге тиісті орын алуының алғашқы қадамдарының бірі деп білем.

  2. Гүлім 20 Қыркүйек, 2019 23:37 Жауап

    Қазыбек Иса аға, қазақ тілінің тағдыры үшін шырылдап келе жатқан жанның бірісіз. Еңбегіңізге табыс табыс тілеймін! Елдің бағына аман жүріңіз!

  3. Қарақат 20 Қыркүйек, 2019 23:40 Жауап

    Енді орыс тілінің пайдасын көксейтін бапты Атазаңнан алдыртуға мұрындық болсаңыз, Қазыбек аға! Онда сіздің атыңыз қазақ тарихында алтын əріппен жазылары анық.

  4. Райхан 21 Қыркүйек, 2019 04:12 Жауап

    БӘРЕКЕЛДІ!
    Осы қарқынмен тек ҰЛТ МҮДДЕСІ үшін алға жылжудың әрекеттерін үдемелі түрде атқару керек.
    СӘТТІЛІК

  5. Урал Тапенов 21 Қыркүйек, 2019 08:43 Жауап

    Бул такырыпка букыл казак елы болып ат салысыуымыз керек , текгана быр адамга жуктеп коимаи

  6. Самат қыпшақ 23 Қыркүйек, 2019 12:21 Жауап

    Орыс тілін алып тастау үшін қазақ тілінің даму деңгейі сапасы жоғары болу керек. Алайда қазақ тіліндегі талай проблемалар шешілген жоқ. Терминдер әлі күнге дейін дұрысталмаған, орыстілділер тұрмақ аудармашылар сөздіктері дұрыс жасалмаған. Интернетте есі дұрыс оқытатын контенттер кез келген сала бойынша ақпарат беретін мол контенттер де жоқ оның орнына көзбояушылыққа алып келетін рефераттар бар. Осындай проблемалар болса қайдан қазақ тілі дамиды қалай орыс тілінің орнын басады. Орыс тілі мен орыстанған қазақтарды жамандағанша бюджеттің ақшасын орнымен пайдаланып бітпейтін жиын отырыстың орнына заманауи трендтегі пайдалы контенттер кітаптар оқу әдістемелерін жасау керек жылы сөзбен басынан сипай отырып оқуға тартатын үгіт керек сананы өзгерту керек.

  7. Лəззат 24 Қыркүйек, 2019 14:06 Жауап

    Ақ жол партиясы Заң жобасын 7 жыл бұрын жасағанын көпшілік біле бермейді егер осылай атап өтпесе. О бастан білек сыбанып іске дайын отырған Ақ жол партиясына ырзамыз. Енді қолға алатын қолдайтын уақыт нағыз туып тұр. Президентіміз де қолдап жатыр емес пе. Қазақша анау-мынау жоқ деп кедергілерді көбейткенше барлығымыз қолдайық. Енді тек іске сəттілік тілейміз.

  8. Жанар 25 Қыркүйек, 2019 21:29 Жауап

    Қазақ тілі Қазақстанда негізгі’ бәріне білуге міндетті тіл болмаса’ тіліміздің жоғалары анық. Себебі өзге ұлт емес’ орыс мектебіндегі қазақ балаларының өзі қазір қазақша білмейтініне арланбайды. Мәңгүрт ұрпаққа ұлт деген ұғым түсініксіз. Ал мемлекеттік тілді білмейтіндерді Қазақстанда жауапты жұмысқа алмау керек. Қажеттіліктен үйренеді. Қазақ тілі тек Қазақстанда өз күшіне енбесе’ қай дос мемлекеттің ресми тіліне айналып отыр. Сондықтан жалпақшешейлікті қойып іс жүзінде қазақ тілін жұмыс тіліне’ негізгі құжат тіліне айналдыруға күш салу қажет.

Пікір немесе жауап жазу

17 + 6 =