«Ақ жол» партиясы журналистер байқауын жариялады

«Ақ жол» партиясы 2019 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауы аясында Журналистерге арнайы номинация жариялайды.

Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасының бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау.

Байқаудың шарттары: байқауға Алаш тақырыбында материалдар жариялаған 18-35 жас аралығындағы жекелеген журналистер төмендегідей номинациялар бойынша қатыса алады:

Бүгінгі заман контексіндегі Алаш:

– Публицистік мақалалар;

– Деректі фильмдер;

– Хабарлар;

– Репортаждар;

– Журналистік зерттеулер;

– Сұхбаттар;

– Ток-шоу шығарылымы.

Байқау жұмыстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2019 жылдың 1 қазанына дейін alash_akzhol@mail.ru; akzholpress@mail.ru электрондық поштасына жолдануы тиіс.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге.