Алма Түсіпбекова: Жыр жазғым келеді

ҚҰС ЖОЛЫ...

Қара сым Керім-күннің есіңе алып қалыбын, Сен де мені ойлайсың ба әлі күн? Сенсең егер, мына жалған өмірдің Кермек дәмін сен арқылы таныдым. Кермек дәмін... Жетпей қалып тәттісі, Қанатынан қайырылып бақ құсы. Тағдыр маған қара көйлек кигізді, Жыртысының жетпей қалып ақ түсі. Қара көйлек, қара жолақ, қара гүл, Өзегімде өткен күнге нала жүр. Сұрқай өмір салып жатса табанға, Серпілер ме, сұрғылт тартқан сана бір?! Қара нөсер қара аспаннан төгілген, Қара түнге үйір бопты көңіл де. Қара түсті көзілдірік – көзімде, Қара әйнектен қарап тұрам өмірге. Өмір өзі тартса түстің қарасын, Қара түстен табайын ба жарасым? ... Ой орманын кезіп жүріп сүріндім, Сүрінгенім не екен десем – қара сым...

СЫНЫҚ ҚАНАТ

Қорықпай көрінгеннің табасынан, Тағдырдың ұстап алып жағасынан. Мен саған арнағанмын өмірімді, Сезімім асқан күні сабасынан. Сен болсаң, күліп қарап, (Осы бір күлкің сенің ырықты алад). Ару ем. Сезіміме татымадың, Аққуға айналдырдың сынық қанат. Біреуге су төгілмес жорға сынды, Мен қайтем қасіреті мол ғасырды? Қанатым сынған күні жылады аспан, Сезімнің шынысы да сонда сынды. - Басыма салғанын-ай, құдіреттің! Осылай оңашада күбір еттім. Өзіңді өзінен де биік қойған, Айтшы сен, жазығы не, бұ жүректің?! Сезімнің қалған едің наласына, Тау-тасқа басымды ұрдым аласұра. ... Түс көрдім. Тағы жүрсің дәл қасымда, Тұз сеуіп жалғыздықтың жарасына...

ПАРНАС

Ит талаған етегін, Бұл қоғамға не етемін? ...Бәрін тастап шығам да, Парнас тауға кетемін. Жырға толы етегі, О, Музалар мекені! Құшағыңа ал! Шаршатты Жәдігөйдің жетегі. Жанса үміттің шырағы, Қаулар көңіл құрағы. Қандыр, менің шөлімді, Касталия бұлағы! Кезсем таудың бөктерін, Сарай тапсам көп-көрім. (Қамқоршысы өнердің, О, Аполлон! Текті едің!). Жанның сен боп күн-айы, Сені ес көрдім ұдайы. Құшағыңды аш, Аполлон- Көктегі күн құдайы! Өзге ақылын ұғам ба? Кеттім, білем, шығанға. Арманымның ақ тауы - Парнас! Саған шығам ба?..

ЖЫР ЖАЗҒЫМ КЕЛЕДІ

Көкте күн күлімдеп тұрғасын, Болған соң жүректе жыр басым, Тектінің көрген соң тұлғасын, Жыр жазғым келеді! Қасірет алысқа қашқасын, Гүл жұпар иісін шашқасын, Көңілді қуаныш басқасын, Жыр жазғым келеді! Бұлақтар сыңғырап күлгесін, Бақыттың бағасын білгесін, Шаттықтың алған соң жүлдесін, Жыр жазғым келеді! Өмірдің алған соң олжасын, Тәтті үміт жаныма толғасын, Жақсылар жанымда болғасын, Жыр жазғым келеді! Жанымның жасантып жылғасын, Сезімім зорайтып сұлбасын, Бар әлем ән салып тұрғасын, Жыр жазғым келеді! Туған ел болған соң еңселі, Керіліп келешек желкені, Көңілдің басылып кемсеңі, Жыр жазғым келеді!..

ЕЛЕСІҢДІ ІЗДЕДІМ

Сездіргенмен сыз-демін, Ойымды ұғар күз менің. ...Нөпір елдің ішінен, Елесіңді іздедім. Ақ түс сыйлап ақ таңым, Сені іздеп ем – таппадым. Тамып кетті көз жасым, Қауызына мақтаның. Жыр құятын тілге ерек, Сен сыйлаған гүл бөлек. Есенғали* ағамның, Құстары, айтшы бір дерек... Қуарғандай құрағым, Суалғандай бұлағым. Дерегіңді көктегі Жұматайдан* сұрадым. Көз жасы боп күндердің, Оңашада мұңды емдім. Табасың ғой іздесең, Жырым болар – шын белгім. Көзге ілмеп ем өзгені, Мұны жаның сезбеді. ...Еніп келші, бейнеңе, Алғаш көрген кездегі...

ДАЛА, МЕНІ ҚҰШАҒЫҢА АЛ...

Төзген өмір дауылына, Басшы мені бауырыңа.... Жетсем екен сағым болған Бала шақтың ауылына. Дұға қылып сан атыңды, Алыстатқам қара түнді. Дархан дала! Сен емдеші, Құзғын қиған қанатымды. Қаулап қырдың қияқтары, Көңілімнен күй аққаны... ...Бүтіндеуге келеді ме, Тұлпарымның тұяқтары? Қалықтайын, көкте бір күн, Өзегімнен суырып ал, Өксік үнін өткенімнің. Кезетұғын үнім ғарыш, Құлын кезім... Құлын-жарыс. Қаракеңгір, қасқая аққан, Алып кетші, мұңымды алыс!.. Кәне, мені күлдіргенің? Бұлдыр-үміт. Бұлдыр белім. Кермек-күнге қарсы қоям, Ұлытаудың бүлдіргенін!.. Төздім тағдыр дауылына, Басшы мені бауырыңа. ...Кетем ертең ертеле

ТҰЛПАРДЫҢ ӨЛІМІ

Аңыз еткен бар аймақ, Тұлпар еді бір кезде. Енді жаман сарайда, Сүйелдей боп жүр көзге. Барын салып баптаған, Сері еді ғой иесі. Тектілікті жақтаған, Бар еді ғой киесі. Таусылды да тұз-дәмі, Иесі өтті өмірден. Тіршіліктің ызғары, Шалды мұны көңілден. Керек етпес жұрт мұны, Ұқпай тұлпар қадірін. Іздеп тапты бір күні, Иесінің қабірін. Жас сорғалап көзінен, Талай күндер жылады. Әл қашқан соң өзінен, Қайран тұлпар құлады. Талайлардың асында, Шапқан күндер, қызынып! ... Иесінің қасында, Кетті сосын... үзіліп. ... Қайта тумас жұлдыз-күн, Жанымда енді өзге мұң. ... Шоқып отыр бір құзғын, Хас тұлпардың көздерін...

ДИАЛОГ

- Байқағаным – күрсіндің. - Бұл өмірді қасіретпен бір сүрдім. Өткендерін есіне алып өкситін, Махаббаттың жолындағы қыршынмын. - Қуанасың аз неге? - Менен алыс кеткен қазір жаз-кеме. Жанымыздың жауқазыны секілді, Өткен күннен қалған жүрмін сазды өре... - Серігің бе – үнсіздік? - Жаратпаған құдай мені мұңсыз ғып. Маңдайыма жазылғаны тағдырдан – Махаббатқа қырсыздық. - Маңдайыңда іздері бар сан жылдың, Теперішті көп көрдің бе, жан құрбым? Көзіңде – жас, айтшы, неге жылайсың? - Жас емес ол. Тамшысы да – жаңбырдың...

РАС ПА?..

Өкінішті сейілтіп, Қасіретті сұйылтып, Жолдама алып ертеңге, Бақтан орын бұйыртып, Келгендігің рас па? Келмес деуші ем, бақ тіпті, Мендік көңіл аптықты. Арман тауы жағынан, Алып маған шаттықты, Келгендігің рас па? Аңсауменен таң нұрын, Мұңмен өткен әр күнім. Айту үшін тек маған, Махаббаттың барлығын, Келгендігің рас па? Кейде бордай езілдім, Сүрінетін Тербеу үшін мәңгіге, Әткеншегін сезімнің, Келгендігің рас па? Жақсылықтың жемісін, Тердің – сенің жеңісің. Арман-күдік аралас, Мына өмірге мен үшін, Келгендігің рас па?! Рас па?..