Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады.