Қазақстан Президенті Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады

586
11
Бөлісу:

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағының инфокоммуникациялық технология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қазақстанда жаңа инновациялар мен технологияларды дамытуға және енгізуге баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекет басшысы өңірде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрудың маңыздылығын айтты.

Чжао Хоулинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық электр байланысы одағы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Президентке өзі басқаратын одақтың 4G және 5G сияқты телекоммуникациялар мен қызмет көрсету саласы бойынша әзірлеп жатқан халықаралық стандарттары жөнінде айтты.

Халықаралық электр байланысы одағы Бас хатшысының бағалауынша, Қазақстанда блокчейн, Big Data технологияларын, жаңа сандық қаржы құралдарын пайдалануға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, білім беру және денсаулық сақтау салаларында, мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге жақсы мүмкіндіктер жасалған деп санайды.

Кездесуге Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов, Халықаралық электр байланысы одағының өңірлік өкілі Кирилл Опарин қатысты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

  1. Аягул Ермек 17 Қыркүйек, 2019 11:08 Жауап

    Президенттің ел игілігі үшін жасап жатқан сыртқы саясаттағы жұмыстары көбейіп келеді.

  2. Аубакир Рахим 17 Қыркүйек, 2019 13:01 Жауап

    Елімізді жан-жақты дамытатын уақыт жетті. Осындай мамандармен кездесіпғ өзге елдердің тәжірибесін алып, нағыз мамандарды даярлау керек. Сонда ғана біздің электр, техникаларымыз дамиды.

  3. Аубакир Рахим 17 Қыркүйек, 2019 13:01 Жауап

    Елімізді жан-жақты дамытатын уақыт жетті. Осындай мамандармен кездесіпғ өзге елдердің тәжірибесін алып, нағыз мамандарды даярлау керек. Сонда ғана біздің электр, техникаларымыз дамиды

  4. Темирбек 17 Қыркүйек, 2019 16:30 Жауап

    Жаңа технологияларды елімізге енгізу бұл халықаралық деңгейде жұмыс жасау дегенді білдіреді.

  5. Алматылық 17 Қыркүйек, 2019 17:36 Жауап

    Қытайдың компанияларынан қорқа берудің қажеті жоқ, бастысы ол жерде ұлттық мүдде бірінші орында тұрып, соған байланысты тиісті шешім қабылданса болғаны.

  6. Еркебулан 17 Қыркүйек, 2019 17:48 Жауап

    Президенттің көптеген ұйымдар мен компаниялардың басшыларымен кездесуі, бұл бірінші кезекте елге инвестициялардың тартылуына және еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатыны сөзсіз.

  7. Марат 17 Қыркүйек, 2019 18:09 Жауап

    Біздің ел кағазбастылықтан арылып,. цифрлық технологияға бет бұру қажет, сонда халықтың уақытын үнемдеп, көптеген қызметтерге өте жылдам түрде қолжетуін арттыратын боламыз.

Пікір немесе жауап жазу

5 + 18 =