Ректор да пара береді екен
2019 ж. 14 қыркүйек
2323
0
Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры істі болып жатыр. Азамат Едірісов Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ғылым қоры» акционерлің қоғамының басшысына 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілінді.
53 жастағы Азамат Едірісовтің аталмыш қызметке тағайындалғанына 7 ай ғана болды. Оның алдында Білім минситрлігінде, кейін Назарбаев университетінде лауазымды қызмет атқарған. Қазір ол денсаулығына байланысты уақытша жұмысында жоқ. Тергеу мәліметінше, ректор министрлік жанындағы «Ғылым қоры» компаниясының бұрынғы басшысы Әнуарбек Сұлтанғазинге пара берген. Сұлтанғазин Едірісовтен 5 мың долларды ғылыми жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсету үшін алды деп айыпталып отыр. Ия, бізде пара беріп, пара алу күнделікті көрініске айналғалы қашан. Соған қарағанда жемқорлыққа қарсы күресетін ресми органдардың қызметкерлері оларды ұстауға үлгермей жатқанға ұқсайды.
qazaquni.kz