Дәурен Абаев: МАҚСАТ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕДИА САУАТЫН АРТТЫРУ

1072
0
Бөлісу:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Astana Media Week апталығын ашып, Орталық Азияда баламасы жоқ бұл басқосудың отандық медиа саласын дамытуға қосатын үлесі жоғары болатынына сенім білдірді.

Министр мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалып­тас­тыруда медиа саласының атқарар маңызы зор және осы орайда, еліміздің ақпараттық құралдары алдында үлкен мақсат-міндеттер тұрғанын алдымен атап өтті. Бұл ауқымды шараның көздеген тағы бір мақсаты – ел тұрғындарының медиа сауаттылығын арттыру, медиамәдениетті қалыптастыру. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізді ведомства басшысы. Оның айтуынша, медиа саласындағы өзекті мәселелер жылдан-жылға көбейіп келеді. Оның басты себебі – ақпаратты өндіру мен тұтыну процесінің түбегейлі өзгеруі. «Ұялы телефон­ның теледидармен және басылымдармен бәсекеге түскені бар­шамызға белгілі. Бұл процесте технологиялық немесе марке­тингтік қана емес, этикалық, демо­графиялық және әлеуметтік-саяси ерекшеліктері де бар. Мойындау керек, мемлекет үлкен және икемсіз бюрократиялық механизм ретінде бұл өзгерістерге біз ойлағандай жедел жауап бере алмай отыр. Сондықтан, біз үшін, мемлекеттік органдар үшін қазіргі өзгерістерге жауап беру үшін сіздердің, кәсіби мамандардың пікірі мен көзқарасы өте маңыз­ды», – деді Дәурен Абаев.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 + төрт =