Ауыт Мұқибек: Ұлттық Кеңес тілге қатысты тарихи сөздің айтылуымен ерекшеленді

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысқан Ұлттық кеңес отырысы өте жоғары деңгейде өтті. Қ.Тоқаев Қытайдан келетін 55 зауыт туралы әңгімеге нүкте қойды. «Біз өзімізге қажетті зауыттарды ғана аламыз», – деді Президент. Қазақ тілінің мәртебесі туралы Қазыбек Иса тарихи сөз айтты. Бұл кеңес осынысымен де ерекшеленді. ҚР Конституциясының 7-бабының 2- тар­мағын алып тастауды талап етті Қазекең. Айман Омарова мен Ермек Тұрсынов­тың сөзі де көпшілік көңілінен шықты. Ал, Көші-қон, Қытайда тұратын қандас­тарымыздың мәселесі неге айтылмады деген сұрақ тууы мүмкін. Мүмкін деймін-ау, телефоныма тыным жоқ. Ағайындар бірінен соң бірі хабарласып, тіпті ренжіп жатыр. Алаңдамаңыздар, бәрі жақсы болады. Сабырмен күтіңіздер, қандастар! Қысқасы, жұрт көкейіндегі сұрақ түгел қамтылды. Енді осы мәселелер рет-ретімен, кезең-кезеңімен өз шешімін табатынына сенім­дімін! Ауыт Мұқибек, qu-qu.kz