Ауыт Мұқибек: Ұлттық Кеңес тілге қатысты тарихи сөздің айтылуымен ерекшеленді

1148
0
Бөлісу:

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысқан Ұлттық кеңес отырысы өте жоғары деңгейде өтті. Қ.Тоқаев Қытайдан келетін 55 зауыт туралы әңгімеге нүкте қойды. «Біз өзімізге қажетті зауыттарды ғана аламыз», – деді Президент.
Қазақ тілінің мәртебесі туралы Қазыбек Иса тарихи сөз айтты. Бұл кеңес осынысымен де ерекшеленді.
ҚР Конституциясының 7-бабының 2- тар­мағын алып тастауды талап етті Қазекең.
Айман Омарова мен Ермек Тұрсынов­тың сөзі де көпшілік көңілінен шықты.
Ал, Көші-қон, Қытайда тұратын қандас­тарымыздың мәселесі неге айтылмады деген сұрақ тууы мүмкін. Мүмкін деймін-ау, телефоныма тыным жоқ. Ағайындар бірінен соң бірі хабарласып, тіпті ренжіп жатыр.
Алаңдамаңыздар, бәрі жақсы болады.
Сабырмен күтіңіздер, қандастар!
Қысқасы, жұрт көкейіндегі сұрақ түгел қамтылды.
Енді осы мәселелер рет-ретімен, кезең-кезеңімен өз шешімін табатынына сенім­дімін!

Ауыт Мұқибек,

qu-qu.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 × 3 =