«Kúzdik Jarty Marathon» өтетін күні Қарағандыда қандай көшелер жабылады?

664
0
Бөлісу:

Алдағы 22 қыркүйекте Қарағанды қаласында өтетін «Kúzdik Jarty Marathon-ның» схемасын жарияланды.

«Kúzdik Jarty Marathon» AIMS (Халықаралық жартылай марафондар мен жүгірушілер қауымдастығы) сертификатына ие тас жолда өтеді.

Старт – Қарағанды қаласының Тәуелсіздік алаңынан басталады. Сосын Бұхар жырау даңғылы, Ленин көшесі, Ғабиден Мұстафин көшесі және Нұркен Әбдіров даңғылдарын қамтиды. Яғни осы төртбұрышты жол. Жарыс бағдарламасына үш қашықтық енгізілген – 7, 14, 21 шақырым 97,5 метр. Яғни 7 шақырым жүгіру осы көшелерді бір рет айналып шықса жеткілікті. Ал 14 шақырым екі айналым, 21 шақырым үшін үш айналу жасау қажет.

Мұндай айналма жол болу – қауіпсіздік шаралары, көшелерді жабуға өте ыңғайлы.

«Kúzdik Jarty Marathon» өтеін 21 қыркүйек күні сағат таңғы 07:00-ден түскі 12:00-ге дейін Бұқар жырау даңғылы бойында автокөлік қатынасы тоқтатылады (Нұркен Әбдіров даңғылынан Ленин көшесіне дейін). Тиісінше, Ленин көшесі бұл уақытта Бұқар жырау даңғылынан Ғабиден Мұстафин көшесіне дейін жабылады. Сондай-ақ Мұстафина көшесі Ленин көшесінен Нұркен Әбдіров даңғылына дейін жабық болады. Ол өз кезегінде Мұстафин көшесінен Бұқар жырау даңғылына дейін жабылады.
Айта кетейік, Қарағандыдағы «Kúzdik Jarty Marathon-ға» онлайн өтінім қалдыру 2019 жылдың 1 тамызынан 19 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал жартылай марафонның өзі 22 қыркүйекте өтеді. Оған Қазақстанның кез келген өңірі мен алыс-жақын шетелден кәсіби марафоншылар мен әуесқой жүгірушілер қатыса алады. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық-бұқаралық мерекеге қатысушылар үш қашықтықтың біреуін таңдай алады. Яғни – жартылай марафон (21 шақырым 97,5 метр), 14 шақырым және 7 шақырым.
Тіркеу жарнасына тоқталатын болсақ, 21 шақырым 97, 5 метрге – 5000 теңге. 14 шақырымға тіркелу жарнасы – 3000 теңге.7 шақырымға тіркелу жарнасы – 1500 теңге.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

12 + 10 =