ҚР Президенті Абай эстафетасына үн қосқан Джек Маға ризашылығын білдірді

646
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жырының эстафетасына үн қосқан «Alibaba» компаниясының негізін қалаушы Джек Маға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерекесімен және «Alibaba Group» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технология саласы маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсетем деген ниетіңізді жоғары бағалаймын. Біз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы цифрлық экономиканы дамытуға қатысты стратегиялық келісім жасадық. Осы іске сіздің де атсалысқаныңызды қалаймыз»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кейін Қазақстан Президенті аталмыш кездесу жайлы Twitter-парақшасында жазды.

«Alibaba» компаниясының негізін қалаушы, бизнес жүргізудің хас шебері атанған Джек Мамен кездестім. Абай шығармаларын оқу эстафетасына қатысқаны үшін ризашылығымды білдірдім. Цифрлық экономиканы дамыту, инновация және IT-салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық», – деп жазды ол.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

3 × 3 =