ИСЛАМ ӘБІШЕВТІ ТРИЛЛИОН ҮНЕМДЕГЕНІ ҮШІН ТҮРМЕГЕ ТҮСІРГЕН КІМ? (видео)

8512
41
Бөлісу:

ОЛ БҰЛ ТУРАЛЫ СОТТА АШЫҚ  АЙТАДЫ

Бүгін сағат 10-00-де Нұр-Сұлтан қаласында  Хилтон Астанан қонақүйінде  ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, бүгінде тергеу изоляторында отырған Ислам Әбішевтің ісіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің  адвокаттары Абзал Құспан, Ерлан Мәкенов және көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков жиылған журналистер мен блогерлералдында барлық сұрақтарға жауап  берді.

Ол қандай сұрақтар:

Сыбайлас жемқорларды триллиондық сыбағасынан айырған Әбішевті  –  Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл бюросы тұтқындағаны  нені білдіреді?!.

-Ислам Әбішев 1 трлн 300 млрд теңгені қалай үнемдеді?

-Неге осындай мемлекетшіл азаматтар тұтылып, нағыз жемқорлар құтылып кетеді?

-Елбасы Н.Назарбаевтың Әбішевті сол қызметке екінші рет қайта шақыруының сыры неде?

-Әбішев пара алуға оқталды дейтіндей қандай дәлел бар?

-5 айда 4 рет инфаркт алса да, Әбішевті үйқамаққа неге шығармады?

-Әбішевтің тұтқындалуы кланаралық шайқастың басталғанын білдіре ме?

-Халық қазынасынан 1 триллион 300 миллиард теңгені  үнемдегені үшін түрмеге түскен  парадоксты парық-пайымы бар ел қалай қабылдауда? 

Сонымен қатар Ислам Әбішевтің не үшін тұтқындалғанын анық түсінуге және оған қандай қатер төнііп тұрғанын сезуге болатын бейнебаян көрсетілді.

Журналистердің барлық сұрағына нақты дәлелдермен жауап берген белгілі заңгер Абзал Құспан  Ислам Әбішевке қатысты тергеу ісімен танысқандарын, бірақ бір де бір нақты айғақ табылмағанын, жазықсыз жала жабылып отырғанын жеткізді.

Ол сонымен қатар «Қазақ үні» ұлттық порталына берген сұхбатындағыдай,  Ислам Әбішевке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының тергеушілері  жоғары лауазымды шенеуніктер – Өмірзақ Шүкеев, Асылжан Мамытбеков, Бердібек Сапарбаевтардың үстінен арыз айтса, тұтқыннан босатылатынын  айтқанын мәлімдеді.  Ислам Әбішевпен бірге тұтқындалған Дүниежүзі қазақша күрес федерациясының вице-президенті Серік Төкеевтің қорғаушысы адвокат Ерлан Мәкенов те дәл осындай ұсыныс Серік Төкеевке де жасалғанын, егер ол Ислам Әбішевтің үстінен шағымданса, тұтқыннан босатылатынын айтқанын жеткізді.

  Осы екі адвокат келтірген екі арандатушылық «ұсынысқа»  байланысты «Қазақ үні» газеті президенті, ақын Қазыбек Иса: «Біз жаңа видеодан көргеніміздей және адвокаттардың дәлелді сөздерінен білгеніміздей, Ислам Әбішевтің ешқандай да пара алмағаны дәлелденіп отыр. Бұл тергеушілердің ісі 37-ші жылдардағы «Адам болса болды, айыптайтын жаза табылады» деген сөзін еске түсіреді.  Ислам Әбішевтің жазықсыз екенін  оған тергеушілердің жоғарыдағы аттары аталған шенеуніктерге жала жапсаңыз, түрмеден босатамыз деген ұсыныстары да айқындап отыр. Бұл «Ислам Әбішев ісі» кешегі Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына  Жолдауында айтқандай:  «Заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ!» – деген ауыр айыптауына нақты дәлел болып тұрған жоқ па?– деп сұрақ қойды.   Бұған Абзал Құспан: «Иә, өте жақсы сұрақ, дұрыс айтасыз! Бұл Ислам Әбішев ісі Президент Жолдауында  айыптағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының заңсыз арандатушылық іс-әрекеттеріне нақты дәлел бола алады. Себебі, Президент бұл жерде басқа құқық қорғау органдарын айтқан жоқ, дәл осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросын нақты атады» деп жауап берді.

Зиялы қауымның атынан Алматыдан келіп отырған әлемге әйгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков Ислам Әбішевті алдында  300 миллиард теңге үнемдегені үшін негізсіз қудалаумен жұмыстан шығарылған кезінде Елбасымыздың өзі араласып, қайта жұмысқа шақырып алғанын және Нұрсұлтан Назарбевтың  «Су мәселесінде мен тек Ислам Әбішевке ғана сенемін» деген сөзін мысалға келтірді.  «Халықтың триллиондарын үнемдегені үшін Кеңес одағы кезі болса, «Социалистік Еңбек Ері» атағын беретін еді. Ал біз түрмеге қамаймыз. Баяғы 37-жылдар келгендей, кеше түн жарымда Ислам Әбішевтің бүкіл туыстарының үйіне тінту жүргізді. Төрт рет инфаркт алса да, қауіпті  террорист секілді үйқамаққа да шығарған жоқ. Талай рет миллион долар алып жатып ұсталғандарды түрмеге де түсірмей ақтап жіберіп жатыр. Мен осы Ислам Әбішевтің ісі үшін Тұңғыш Президентке де, қазіргі Президентке де кірейін деп отырмын. Ертең 29 қарашада Швецияға, Стокгольмге кітабым шығуына байланысты бара жатырмын. Ол жерде де халықаралық құқықтық қауымдастықтар алдында бұл мәселені  көтереміз. Не үшін олай қорлап отыр абзал азаматты? Бұлардың бар мақсаты «Он жыл тұрмақ, жиырма жыл берем десе де істемеген нәрсемді мойындамаймын» деген Ислам Әбішевтің рухын сындырып, істемеген ісін мойындату, егер оған көнбесе, абақтыда өлтіріп, Сталин айтқандай, «адам жоқ па – проблема да жоқ» дегізбек пе? ?»-деп, жазушы ашық наразылығын білдірді.

Баспасөз мәслихатын қорытқан Абзал Құспан сөзінің аяғында Ислам Әбішев өзін не үшін және кімдер түрмеге түсіргенін сот үстінде ашық айтатынын ресми мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатын  «Ислам Әбішевті қорғау комитеті»  ұйымдастырды.

Қазыбек ИСА,

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 41 пікір жазылған

  1. Арыс 12 Қыркүйек, 2019 19:48 Жауап

    Ия, жастау болса дүние қажет етіп алар да ма еді ана 60,0 миллионды? Зейнетке шығар жасында не керек оған оншалықты қаражат. Логика жоқ қой еш

  2. Әсел Ақболатқызы 12 Қыркүйек, 2019 21:05 Жауап

    Елім дейтін Ерлер тұрғанда халықты еңіретіп қоймайтынына көзім жетті. Ислам Әлмаханұлының осыншама қолдаушыларының Еңбектері текке кетпей, бір Нәтиже беретініне Сенеміз! Халық Исламмен бірге!

  3. Әйгерім Өтебайқызы 12 Қыркүйек, 2019 22:00 Жауап

    Баспасөзді жинап жиын өткізіп жібергендеріңіз жақсы болыпты! Бұл да бір Ислам ағаның Бостандыққа шығуына жасалған бір Қадам шығар!

  4. Айман 12 Қыркүйек, 2019 23:21 Жауап

    ,Баспасөз мəслихатының көшін бастап, атпал азаматты қолдап барған Дулат ағамызға Алла болсын!

  5. Алмас асемханұлы 12 Қыркүйек, 2019 23:23 Жауап

    Бұл кісінің мемлекеттік қаражатты дұрыс жұмсауда, үнемдеуде адвокатына берген сұқбатынан оқыдым. Қандай керемет инженерлік,техникалық,менеджменттік шешімдер қабылдаған.Бәрі өтте сәтті болған. Үлкен нәтижелі жұмыс атқарған екен. Бұл адам бізге қоғамға керек.

  6. Аяулым 12 Қыркүйек, 2019 23:31 Жауап

    Алла жар болсын ағамызға .Айтсын трлн. үнемлеген адамға қарсы шығып жүрген кім екенін де халық білу керек..

  7. Гүлім 13 Қыркүйек, 2019 09:20 Жауап

    Исекең нағыз ер екен.Шындықты біле тұрып, жарты жылға дейін тіс жармаған. Алла жеңілдігін берсін!

  8. Абзал Алпысбайұлы 13 Қыркүйек, 2019 09:42 Жауап

    Білімі мен қажыр-қайратын елі үшін жұмсаса да, шындық үшін шырылдап жанын шүберекке түйсе де темір торға тоғытылған арда азаматқа қолдау керек!!! Алла жар болып, тек бостандыққа шығуын Алла нәсіп етсін!!!

  9. Алишер 13 Қыркүйек, 2019 12:32 Жауап

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ешбір сенім қалмаған!!!
    Туған анасын қызмет пен ақша үшін сатып керуге дайын!!!
    Менің туған бауырым блогер Балқожаев Алқожаны да шындықты Ютубте айтқаны үшін Түркістан қаласының прокуроры Әбдірайымов Руслан қамаққа қамап дәлелсіз сотқа бергелі жатыр!
    Ол да арнайы тапсырма алған жоғарғы жақтан!!!

  10. Алишер 13 Қыркүйек, 2019 12:53 Жауап

    Исеке қажымаңыз!!!
    Аққа құдай жақ!!!
    Сіздің еңбек жолыңызды жақсы білемін!!!
    Ер азамат, нағыз маман деп білемін!!!
    Алла Сізге сабыр берсін!!!

  11. Айгүл 14 Қыркүйек, 2019 10:51 Жауап

    Алишер өте дұрыс айтасыз. Аққа құдай жақ. Əрбіріміздің əр қадамымыз əр ісіміз Аллаға аян.Əбішевке бостандық берілуіне тілекшіміз.

  12. Гүлбахар 25 Қыркүйек, 2019 20:59 Жауап

    «Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің». Ислам Əбішевке жалған жала жауып, түрмеге танып қойғандар қалай ғана қорықпайды Алладан. Дəл осындай азап өзінің болмаса да ұрпақтарының алдынан шығады ау деп қалай ғана алаңдамайды.Түсіне алар емеспін.

  13. Гүлназ 25 Қыркүйек, 2019 21:02 Жауап

    Дұрыс айтасыз, Гүлбахар. Алла бəрін көруші. Ақ адамды қанша күйелесең де қараймайды. Осыны ескеру керек жалған айып тағып отырғандар Əбішевке. Исекеңнің көп ұзамай елімен қауышарына сенімдіміз.Алла жар болсын атпал азаматқа.

  14. Лаура 26 Қыркүйек, 2019 13:06 Жауап

    Трлн. үнемдеген адамның дәрежесін көтеріп алғыс айтудың орнына.Түрмеге қамап, азаптау кімге керек. Айтылса айтылсын Əбішевке қастандық жасаған адамның аты-жөні. Халық кімнің кім екенін білемін.

  15. Қарлыға 28 Қыркүйек, 2019 17:46 Жауап

    «Заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ!» – деп Президент Жолдауында айтылғаны анық емес пе? Ендеше Ислам Әбішевті заңсыз тергеп отырғандарды және кешегі Алматыдағы бас дәрігерді де заңсыз қамап, тергегендерді барлығына шара қолдану қажет қой.

  16. Ақгүл 28 Қыркүйек, 2019 17:49 Жауап

    Ислам Әбішевке күйе жаққандар ертең өзінің алдынан қандай күн күтіп тұрғанын біле ме екен? Алла сақтасын, кімге қандай жақсылық, кімге қандай жамандық жасасаң алдыңа сол еселеп қайтады ғой. Неге соны ескермейді екен а? Құдайдан қорықпағаннан қорық деген сөз тегіннен тегін айтылмаған екен де…

  17. Ақтолқын 29 Қыркүйек, 2019 22:22 Жауап

    Алишер бауырыңызға Алла жар болсын! Исекеңнің кім екенін жақындары ғана емес зиялы қауым өкілінен бастап, қарапайым халық айтып, БАҚ беттерінде жарыса жазуда. Қазақтың қайсарлы азаматы Исекеңді Алла қорғайды деп білеміз.

  18. Амина 29 Қыркүйек, 2019 22:29 Жауап

    Мемлекеттің трлн. ақшасын үнемдеген азаматты түрмеге түсіргендерді табаламай ақ қойдық, жамандық та тілемедік. Бірақ Алла жазасын береді деп ойлаймыз. Аллаға тапсырдық.

  19. Аяжан 30 Қыркүйек, 2019 22:04 Жауап

    Бұл қалай сонда? Біз қандай елде өмір сүріп жатырмыз? Демократиялы мемлекет екендігіміз қайда қалды? Адамға істемеген ісін қирап мойындату ешбір елде кезлеспейтін жағдай шығар.Əбішев бостандыққа əбден лайық адам.

  20. Шакизат 30 Қыркүйек, 2019 22:08 Жауап

    Аяжан дұрыс айтасыз, бізден басқа ешбір ел өз мемлекетінің қаржысын үнемдеген мем қызметкерді түрмеге қамап қирап қоймас еді.

  21. Қалдыкул 30 Қыркүйек, 2019 22:40 Жауап

    Кім болса да аталсын аты. Халық білсін кімге үнем ұнамайды екенін. Исекеңе Алла жар болсын!

  22. Ақмарал 3 Қазан, 2019 21:24 Жауап

    Егер бір ауыл не бір қала халқы ғана жақтап жатса Əбішевті түсінер едім алдын ала жоспарланған деп. Ал арғы жағы Шығыс, Тарбағатай, Оңтүстік жалпы Исекең еңбек еткен барлық өңір түгел қолдап, жан ұшыра пікір білдіріп жатыр. Бостандық берілсе екен атпал азаматқа.

  23. Венера 3 Қазан, 2019 21:27 Жауап

    Қара ормандай халқыңыз барда қолдайтын қамыға бермегейсіз Ислам-аға! СІЗ РУХЫ МЫҚТЫ АЗАМАТСЫЗ! ЖЕҢІП ШЫҒАСЫЗ бəрін де!

  24. Маржан 5 Қазан, 2019 22:45 Жауап

    Адамның өмірі ойыншық емес шығар. Қолдап тұрған халқы барда Ислам Əбішев бостандыққа шығады əлі-ақ.

  25. Марзия 5 Қазан, 2019 22:51 Жауап

    Түрмеде отырғанына қарамастан, жанары жарқылдап тұрған рухы мықты азамат қой Əбішев. Мықтысыз, жігерлісіз. Алла осы бағытыңыздан тайдырмасын. Тееез арада босап шығу нəсіп болсын Сізге!Тілекшіміз! Тілектеспіз! Аман болыңыз!!!

  26. Мая 6 Қазан, 2019 22:32 Жауап

    Қайда жүрсе де жаны жомарт жайсаң жан ғой Ислам аға! Шарапатын көрген кісілер жыр ғып айтып жүр. Жіті танымасам да бұл кісінің әділдігіне сенім артамын. Қарапайым халық ешқашан өтірік айтпайды. Алла қолдасын ағамызды.

  27. Майра 6 Қазан, 2019 22:37 Жауап

    Трлн. үнемдеу екінің бірінің қолынан келмес ерлік. Бекітіліп, бөлініп қойған қаржыны өз мемлекетіне шын жанашыр адам ғана үнемдеп, трлн. көлемдегі қаржыны кері қайтарғаны адам сенбес іс. Неге қолдамаймыз осындай адамды.

  28. ГҮЛЗАТ 6 Қазан, 2019 22:38 Жауап

    Біздің бала-шағамыздың несібесін қызғыштай қорыған азаматты Алла қолдасын!

  29. Эльвира 6 Қазан, 2019 22:43 Жауап

    Аллаға аманаттадық Ислам аға ісін! Негізсіз айыптаушылар білсе екен, егер жүз тіпті мың бəленбай адам жабылып жазықсыз жалғыз жанды қанша айыптағысы келсе де егер Алла қолдамаса, тіпті ол адамға иененің жасуындай да жамандық жасай алмайды екен.

  30. Марина 6 Қазан, 2019 22:45 Жауап

    Қайда жүрсе де жаны жомарт жайсаң жан ғой Ислам аға! Шарапатын көрген кісілер жыр ғып айтып жүр. Жіті танымасам да бұл кісінің әділдігіне сенім артамын. Қарапайым халық ешқашан өтірік айтпайды. Алла қолдасын ағамызды.

  31. Мөлдір 6 Қазан, 2019 22:47 Жауап

    Аққа Құдай жақ! Жаратқан жар болып дін аман арамызға оралсын абзал ағамыз Ислам Əбішев!

  32. Жазира 6 Қазан, 2019 22:50 Жауап

    Дулат Исабеков, Қазыбек Иса ағаларымыз бастаған ұлт зиялылары қолдап жатқан Ислам Əбішев ағамызда титтей де кінә жоқ деп білемін. Қоғам назарында тұрған осынау іске сот бей-жай қарамайды деп білеміз.

  33. АСЫЛЗАТ 6 Қазан, 2019 22:54 Жауап

    Жақын арада өтетін сотта Ислам Əбішевтің артында күні бүгінге дейін ол кісіні қолдап дауыс берген қара ормандай халқы тұрғаны ескерілсін екен. Сол халық қай кезде де Ислам ағаның жанынан табылатыны анық.

Пікір немесе жауап жазу

2 + тоғыз =