Әбішевтің тұтқындалуы кланаралық шайқастың басталғаны ма? Баспасөз мәслихаты

 

Баспасөз мәслихаты

  Құрметті журналистер және блогерлер!   Сіздерді ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, бүгінде тергеу изоляторында отырған Ислам Әбішевтің ісіне байланысты өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. -Ислам Әбішев 1 трлн 300 млрд теңгені қалай үнемдеді? -Неге осындай мемлекетшіл азаматтар тұтылып, нағыз жемқорлар құтылып кетеді? -Елбасы Н.Назарбаевтың Әбішевті сол қызметке екінші рет қайта шақыруының сыры неде? -Әбішев пара алуға оқталды дейтіндей қандай дәлел бар? -5 айда 4 рет инфаркт алса да, Әбішевті үйқамаққа неге шығармады? -Әбішевтің тұтқындалуы кланаралық шайқастың басталғанын білдіре ме? Осы және өзге де сұрақтарға Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің  адвокаттары Абзал Құспан, Ерлан Мәкенов және көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков жауап береді.
Өтетін күні: 12 қыркүйек 2019 жыл. Сағат 10:00 Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы. Мәңгілік ел  даңғылы 43а, Хилтон Астана  қонақ үйі Ұйымдастырушы: Ислам Әбішевті қорғау комитеті Тел: +7 (7172) 70-35-00, +7 (7172) 70-35-01