Әбішевтің тұтқындалуы кланаралық шайқастың басталғаны ма? Баспасөз мәслихаты

4065
11
Бөлісу:

 

Баспасөз мәслихаты

 

Құрметті журналистер және блогерлер!

 

Сіздерді ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, бүгінде тергеу изоляторында отырған Ислам Әбішевтің ісіне байланысты өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз.

-Ислам Әбішев 1 трлн 300 млрд теңгені қалай үнемдеді?

-Неге осындай мемлекетшіл азаматтар тұтылып, нағыз жемқорлар құтылып кетеді?

-Елбасы Н.Назарбаевтың Әбішевті сол қызметке екінші рет қайта шақыруының сыры неде?

-Әбішев пара алуға оқталды дейтіндей қандай дәлел бар?

-5 айда 4 рет инфаркт алса да, Әбішевті үйқамаққа неге шығармады?

-Әбішевтің тұтқындалуы кланаралық шайқастың басталғанын білдіре ме?


Осы және өзге де сұрақтарға Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің  адвокаттары Абзал Құспан, Ерлан Мәкенов және көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков жауап береді.

Өтетін күні: 12 қыркүйек 2019 жыл. Сағат 10:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы. Мәңгілік ел  даңғылы 43а, Хилтон Астана  қонақ үйі

Ұйымдастырушы: Ислам Әбішевті қорғау комитеті

Тел: +7 (7172) 70-35-00, +7 (7172) 70-35-01

Бөлісу:

11 пікір жазылған

  1. Серпін 11 Қыркүйек, 2019 18:37 Жауап

    Пара алды ма, жоқ па, сот анықтайды емес пе? Неге сонша шыр-пыр бола бересздер? Әлде жасаған ісінің шикілігі көп пе?

  2. Мәмбет Құрманбаев 11 Қыркүйек, 2019 21:54 Жауап

    Ертеңгі болатын Баспасөз маслихатына сәттілік жар болсын ! Ислам Әбішевтің ісі оң нәтижемен аяқталып, әділдік жеңіп, істің ақ қарасы шешіліп жазықсыз жанның бостандыққа шығуына тілектеспін !

  3. Ержан 11 Қыркүйек, 2019 23:53 Жауап

    Бул кисинин жазыгы жок. Халкымызга коп комеги тиген азамат. Шыр-пыр болганга арзитын азамат. Бул аулетти жаксы биледи Шымкент халкы. Каншама жастарымызды жумыспен камтып отыр иниси Нуралы агамыз. Осындай агаларымыз коп болсын, аман болсын. Терис ниеттегилер звандандар маган: 87021595951

  4. Дамир 12 Қыркүйек, 2019 01:43 Жауап

    Соттау, соттасу, дауласу , жеу, жемкор, жемкорлык болды бiзде ештене калмаган ба агайыным- ау?

  5. Алмас Асемханұлы 12 Қыркүйек, 2019 16:38 Жауап

    Бұл кісінің мемлекеттік қаражатты дұрыс жұмсауда, үнемдеуде адвокатына берген сұқбатынан оқыдым. Қандай керемет инженерлік,техникалық,менеджменттік шешімдер қабылдаған.Бәрі өтте сәтті болған. Үлкен нәтижелі жұмыс атқарған екен. Бұл адам бізге қоғамға керек.

  6. Абзал Алпысбайұлы 13 Қыркүйек, 2019 09:32 Жауап

    Мемлекет қаражатын осындай қиын шақта үнем жасаған арда азаматтың жақсылықтарын ел біледі. Ал білмей тұрып, дәлелсіз фактілерге сүйеніп темір торға тоғытқандардың өзіне жала жапқандары үшін жауапкершілік қаралуы тиіс. Істің ақ-қарасы тек сот алдында ғана шешімін таппақ. Ал оған дейін жазықсыз жапа шеккен адамға жемқор деп кінә тағу орынсыз!!!

  7. Qyr balasy 13 Қыркүйек, 2019 12:01 Жауап

    Ислам Әбiштiң түрмеге тоғытылуы бұл нағыз сыбайлас жемқорлардың жасаған iсi деп бiлемiн. Себебі Ислам Әбiш олардың қаржыны жымқыру жолын алдын алды. Ысырапшылдыкка жол бередi. Қазынадан дәмеленетiн Сыбайлас жемқорлардың қаржыны урлауларына тосқауыл болды. Әрине олар Ислам Әбiштi жай қалдыр айды. Артынан ит айтактатып, қазғылап iстi қылды. Бұл сыбайлас жемқорлардың белгiлi тактикасы. Қазақстанда жемқорлар дың қазынаны тонаудағы жолдарын жасап қойған, олар экономикалық занбузушылар, алаяктар, қазынадан дәмеленiп қай жобаға қанша ақша бөлiндi, оны қалай шебер жолдармен урлауын бiледi. тапсырар отчетын бәрiн орындап қаржыны ұрлық жолмен таза алып шығады. Сол қазынадан мемлекеттік жобаларларга бөлiнетiн қаржыны Ислам Әбiш үнемдеп әр теңгенің түсетін жерiне дөп тусiрiп отырды емеспеди. Әрине мемлетке қаржысын трилиондап үнемдеу Ислам Әбiш мырзаның өз iсiн жақсы бiлушi болғандықтан. Мықты маман, керемет менеджменттiк қасиет. Укиметтин әр саласында осында менеджменттiк қасиеттерге ие мамандар қызмет етсе жетелмай жүрген 2050ге ( дамыған Қазақстан-ға) уже жетер едiк.

  8. отан 13 Қыркүйек, 2019 21:06 Жауап

    бәрі былшыл шын мемлекетшіл тұлға болса ол ортада жүрмес еді. сендер жақтас болсаңдар а деп ұсталғанда қайда болдыңдар енді ақша төлеген соң ара түсіп мақтап жатырсыңдар. сапарбаев екеуі семейге бордюрды шымкенттен тасып сапарбаеқа бордюрбек деген ат тағылған. шын жанашыр болса сол семейдің кәсіпкерлеріне берер еді. бос мылжың не керек оданда шалға неге жақпай қалды үлес бермеді ме соны жазыңдар.

  9. Əсел 13 Қыркүйек, 2019 23:32 Жауап

    Абзал Алпысбайұлы дұрыс айтасыз. Білікті маман Абзал Құспан бұлтартрас ешқандай дəлелдің жоқ екенін айтып келеді. Аққа Құдай жақ – бар білеріміз.

  10. Qyr balasy 19 Қыркүйек, 2019 14:25 Жауап

    Нағыз ұлтшыл, мемлекетшіл азаматтар түрмеде болуы құзғындардың төрде жүруі қоғамдық жүйенің сыбайлас жемқорлықтың шыңына жетуі.

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − 11 =