Сот Жәкішевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан тағы да бас тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

10 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сотында аппеляциялық сот алқасының отырыс өтті.

Отырыстың басында адвокат сот құрамына қарсылығын білдірді. Ол істі Жәкішевтің видеобайланыс арқылы қатысуынсыз қарауды мүмкін емес деп санайтынын айтты. Алайда видеобайланысты реттеу мүмкін болмады.

Сот Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.

Еске салсақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталған. Ол жымқыру және пара алу үшін кінәлі деп танылды.

Өткен жылы Жәкішев колонияда отырғанда үнемі дәрі қабылдайтыны туралы хабарланған болатын. Алайда бас прокуратура сотталушыны ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін айтты.

Бұған дейін Семей қаласының сотында Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.