Ислам Әбішевтің сотталатынына күні бұрын сенімдісіз бе, Бектенов?

3343
41
Бөлісу:

Қате мәліметтеріңіз  үшін 165 мыңдай халық алдында кешірім сұрарсыз…

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының

бірінші орынбасары

Олжас Бектеновке

 

О.Бектеновтің  06.06.2019 ж.«NUR.KZ» сайтына берген сұхбатынан үзінді: Мысалы, жақында Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам

Әбішевті ұстадық. Оның әдепсіздігі жайлы сонау 2013 жылы –бағыныштылардың біреуі оның ресторанның тамағын төле

 немесе костюм сатып әпер деп мәжбүрлегені жайлы шағымданғанда

 мәселе көтергенбіз (журналистер – «ішік-тон алғызған»).

Егер сол кезде реакция қаталдау болғанда – оны мемқызметтен

жұмыстан шығарып жіберумен бітер еді, сонда бүгін мемлекетке

мұншама залал келтіру мен оны бас бостандығынан айыру секілді

салмақты салдарлар туындамас еді.

 

Құрметті Олжас Абайұлы!

 

  1. И.Ә.Әбішев бас бостандығынан айрылды деп қалай айта аласыз, егер оның кінәсі әлі дәлелденбесе және әлі сот болмаған болса?

−Жоқ әлде тергеуді сіздің ведомство жүргізіп жатқаннан кейін сіз И.Ә.Әбішевті отырғызатынына күні бұрын сенімдісіз бе?

− Жоқ әлде сіз жоғарыда отырған біреуден И.Ә.Әбішевті қамаңдар деген тапсырма алдыңыз ба, сөйтіп мерзімінен бұрын рапорт беріп жатырсыз ба?

  • И.Әбішевтің ісінде мемлекетке залал келтіру деген жоқ.

Сіздің айтуыңызға қарағанда:

− тағылған айыптар бойынша И.Әбішевтің кінәсін дәлелдеу қиын болып тұр, енді сіз оның қызметінен мемлекетке келтірілген залал іздеудесіз?

  • 2013 жылы И.Әбішевті жұмыстан шығарғанын, ал, 2014 жылы Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы жұмыстан әділетсіз шығарылған адам ретінде оны өзінің бұрынғы қызметіне қайтадан тағайындады. Сіздіңше Елбасы қателескен болып шықты ма?

− 2013 жылы ол өз еркімен қызметтен кетуге мәжбүр болған еді, себебі ол су бағдарламасы бойынша  1,5 триллион теңгені жұмсауға қарсы шыққан болатын.

И.Әбішев қайтып оралған соң Үкіметтің алдында 1,0 триллион теңге шығынның артық екенін дәлелдеді және 1триллион теңгені қысқартуға қол жеткізді, ал, шығын азайса да атқарылар жұмыс көлемін  бірнеше рет көтере білді.

Мысалы:

 

 

Іс-шаралар

 

Ескі бағдарлама

 

 

Әбішевтің бағдарламасы

 

 

айырмашылық

 

1

Суармалы жерлерді қайта қалпына келтіруМың.

га.

 

60,0

 

610,0

 

+550

 

2

Су ресурстарының үнемделуіМлрд.

м3

 

0,9

 

2,5

 

+1,6

 

3

Тасқын суды жинақтауМлрд.

м3

 

0,6

 

1,9

 

+1,3

 

4

Мембағдарламаның жалпы шығыныМлрд.

теңге

 

1553,0

 

580,0

 

-963

Бұл 3 позиция, ең шығыны көп позициялар болатын. Ескі бағдарламаның барлық  параметрі атқарылар жұмыс көлемі бойынша асыра есептелген еді.

2014 жылдан бері көп жыл бойы бітпеген, кейбіреуі 2005-2007 жылдары басталған, 40-тан астам нысан іске қосылды. Тек 2018 жылдың өзінде 60,0 мың.га суармалы жер қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек:

– Үкіметке 2,0 млн.адам өмір сүретін ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудің жолын көрсеткен ұсыныс енгізді.

Ол бұл мәселені 2 жылда  320,8 млрд. теңге жұмсап шешуді ұсынды, ал, бұл – қазіргі жүйе 2025 жылға дейін шешуді ұсынған жобадан 1, 360,0 млрд.теңгеге арзан.

– Үкімет оның 1,5 млн. га жаңа суармалы жерді игеру мен 0,6 млн. га бұрынғы суармалы жерді қалпына келтіру туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл – 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орны, 3,8 трлн.теңге жалпы өнім және 1 жұмыскерге шаққанда 9,5 млн.теңге еңбек өнімділігі деген сөз.

  1. И.Әбішевтің қарамағында қызмет еткен адамның арызы бойынша мына сілтемені қараңыз: https://youtu.be/g0tF5Pd8VwM.

Арыздың мәні: ол адам өзінің НұрОтанға жасаған бейнеүндеуінде (бұл бейнеүндеуді барлық телеарна көрсетті) Әбішевке деп сатып алған костюмнің чегін көрсетеді, сондай-ақ оның туған күніне жұмсаған шығынын төлеген чекті көрсетеді.

Бейнежазбаны тоқтатып, чектерді үлкейтіп қарап едік, көргеніміз мынау болды:

Чектегі костюмнің размері – 56. Әбішевтің костюмінің размері  – 50. И.Әбішев туған күнін тойлады деген кафенің чегінде көрсетілген дата – 21.04.2012ж.  И.Әбішевтің туған күні – 12.05.1956ж. Өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер.

  1. Жоғарыда көрсетілген түсініктерден кейін сіз өзіңіздің қатеңізді түзететін боларсыз және И.Әбішев пен оның жақындарының алдында, еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевқа жазылған Үндеуге бірінші болып қол қойған шығармашылық зияткер қауымның, ҚР парламенті депутаттарының алдында, сондай-ақ үндеуге қол қойған және бүгін де қол қоюды жалғастырып  жатқан 165 мыңдай халық алдында кешірім сұрарсыз деп ойлаймыз.

Құрметпен, Ислам Әбішевтың адвокаты Абзал Құспан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 41 пікір жазылған

  1. Қарақат 10 Қыркүйек, 2019 19:28 Жауап

    Ой Алла-ай сəйкес келмесе де қай-қайдағыны шығарып отырғаны несі? Дəлелі жоқ бұл қандай айыптау болды? Қанша уақыт созса да Əбішевтің рухын сындыра алмайды.

  2. Гүлмира 10 Қыркүйек, 2019 19:34 Жауап

    Ел алдына шығып мұндай маңызды мəліметті таратрас бұрын бірінші сараптап саралап алар жауапты қызметкер болса егер Бектенов.Аққа күйе жағу оңай деймісің дегеннен басқа не дейміз? Дұрысы Əбішевты қаралауға талпынбаңыздар.

  3. Мәмбет Құрманбаев 11 Қыркүйек, 2019 14:42 Жауап

    Бекетаев мырзаның өзі сол жалақорлармен сыбайлас па екен ? Ислам Әбішевтің сағын сындыра алмаған соң әдейі жүйкесіне әсер ету әрекеті ме ? Еш қандай қылмыстың ізі болмаған соң Бекетаев мырзаның тәсілі ме ? Алдын ала Ислам Әбішевтің сотталатынына сенімді ме ? Ақтың отын ақымақ өшіре алмас! Бекетаев мырза не айтсада ойланып айтқан жөн болар! Ертең сол Ислам Әбішевтің күні өзінің басына туса қалай сайрар еді ?

  4. Алмас Асемханулы 12 Қыркүйек, 2019 00:01 Жауап

    Ислам Әбіштіңиісі бойынша соттың үкімі шықпай жатып сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің орыныбасарының бұлай айыптауы заң нормаларын өрескелт бұзуда. Бұлай сөйлеуі Ислам Әбішовке істің қолдан жасалғаны белгілі. Өздері бәрін шешіп қойғандай.

  5. Әсел Ақболатқызы 12 Қыркүйек, 2019 10:51 Жауап

    Қазақта «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген сөз бар. Мына жерде Әбішевті жалғыз өзі көпке тойтарыс беріп отырған қасқыр десек, тек қайсарлығы мен төзімділігін айтқанымыз.
    Анығы сол, Осыншама уақыт бойы жабылып келген жалалар- Ислам Әбішевке деген Сенімімізден айырмайды!

  6. Алмас асемханұлы 12 Қыркүйек, 2019 16:57 Жауап

    Бұл кісінің мемлекеттік қаражатты дұрыс жұмсауда, үнемдеуде адвокатына берген сұқбатынан оқыдым. Қандай керемет инженерлік,техникалық,менеджменттік шешімдер қабылдаған.Бәрі өтте сәтті болған. Үлкен нәтижелі жұмыс атқарған екен. Бұл адам бізге қоғамға керек.

  7. Абзал Алпысбайұлы 12 Қыркүйек, 2019 17:38 Жауап

    Елдің қазынасын үнемдегені үшін жала жабылып темір торға тоғытылған атпал азаматты қараламас бұрын дәлел болуы шарт. Ал дәлел тек сот үкімі шыққаннан кейін ғана болмақ. Сол себепті айыпталушыны соттан бұрын дәлелсіз фактілерге сүйеніп айыптауы заңға қайшы. Бұл оның өзін жауапкершілікке тартуға негіз болмақ. Ақтың-ақ, қараның қара екенін тек сот қана шешпек.

  8. Əлия 13 Қыркүйек, 2019 08:47 Жауап

    Ешбір дəлелсіз біреуді қараламас бұрын ертеңгі күні арғы дүниедегі күніміз туралы ойлансақ екен.Əр сөзіміз , əр ісіміз таразыға түсерін ұмытпайық ағайын.

    • Aigerim 24 Қыркүйек, 2019 14:01 Жауап

      И.Әбішевтің қарамағында істеген адамның арызы да өтірік болып шықты ғой, сонда нақты дәлелі жоқ боп тұрып қалай кінә тағады екен..?

  9. Айгүл 22 Қыркүйек, 2019 21:02 Жауап

    Сот кінəсіз болғандықтан қандай үкім шығарарын білмей дал болып жатқан болар ..Айғақ болса баяғыда ақ бəленбай жылға кесе салар еді. Біз сенеміз ақталыр шығарына.

  10. Гүлназ 22 Қыркүйек, 2019 21:28 Жауап

    Ислам Әбішевтің адал қызметкер екеніне күмәнім жоқ! Алла қолдап, дұрыс шешілсе екен осы мәселе!

  11. Aigerim 25 Қыркүйек, 2019 12:20 Жауап

    И.Әбішевтің қарамағында істеген адамның арызы да өтірік болып шықты ғой, сонда нақты дәлелі жоқ боп тұрып қалай кінә тағады екен..?

  12. Мәмбет құрманбаев 2 Қазан, 2019 21:41 Жауап

    Олжас Бектанов мырза сіз Ислам Әбішевтің үстінен жазылған жаланың дәлелсіз екенін біле тұра қай санаңызбен ойлап сотталады деп отырсыз ? Жоқ әлде сол жалақорлармен табақтассыз ба қалай өзі ? Сіздің тұжырымыңыз жетпесе, халықтың көзі жетіп отыр! Ертең әділ соттың шешімімен Ислам Әбішев бостандыққа шығуына толық сенімдімін!

  13. Майра 2 Қазан, 2019 22:45 Жауап

    Еліне өлшеусіз еңбек еткен ердің бар еңбегін еш кетіру ме ойларың. Естеріне сақтап алыңдар, Əбішевтің тұнығын лайлай алмайсыздар.Ол кісі көп ұзамай ақталып шығады əлі.

  14. Асыл 2 Қазан, 2019 22:47 Жауап

    Қай өңірде апат, қай аймақта су тасқыны барлығында басшылық қызмет атқарып, елді құтқарған мұндай қайсар жан шыр айналсақ та табылмас.

  15. Алмас Асемханулы 2 Қазан, 2019 22:56 Жауап

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі өз ісімен жөнімен айналысу керек. Біреудің қол шқпары болмай істі жан жақты қарауы тиіс. Бұл неткен бассыздық.

  16. мадина 30 Қазан, 2019 22:11 Жауап

    Бектеновтің сенімді түрде алдын ала айтуына қарағанда Әбішевтің сотталатынын, қандай статьямен қандай залал келтіргенін, сот үкімін біліп тұр ғой ….. Егер бұл агенттіктің «заказы» болса сотталады деп ойлаймын…. Осыдан кейін біздің сотқа сеніп көр…

Пікір немесе жауап жазу

бес + он екі =