Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

929
19
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді», – деді ол.

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Бөлісу:

19 пікір жазылған

  1. Сунгат 10 Қыркүйек, 2019 12:58 Жауап

    Екі елдің арасындағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас жалғаса берсін, Қытай мемлекетімен әлемнің алпауыт мемлекеттері санасады.

  2. Замира 10 Қыркүйек, 2019 13:00 Жауап

    Қытайдың шағын бизнесті дамыту стратегиясын қолдану керек, күнделікті өмірге қажет тауарларды шығаруға ұмтылайық.

  3. Марат 10 Қыркүйек, 2019 13:06 Жауап

    Қытай біздің бағымыз не сорымыз болуына қазақтың еңбекқорлығы мен ұлтжандығы себепші болады.

    • Ереке Ерболов 10 Қыркүйек, 2019 15:51 Жауап

      Мықты халық ештеңеден қорықпайды, қайта юасқаларды пайдаланып жетісікке жетеді.

  4. Самат 10 Қыркүйек, 2019 13:09 Жауап

    Сол зауыттарды әкеліп жұмыс асау керек, ол зауыттардың келуіне бірінші очерет қазақ емес, орыстар мен ТМД мемлекеттері қарсы себебі олар біздің экономикаға жұмыс жасайтын болады, мәселе сонда жатыр.

    • Сунгат 10 Қыркүйек, 2019 13:14 Жауап

      Дұрыс айтасыз, саяси аренада бір адамның болғаны абзал, ішкі элита да екі жаққа жалтақтамайды.

    • Дәулет Ермахан 10 Қыркүйек, 2019 15:50 Жауап

      Бұл сапардағы келіссөздер еліміз үшін де, Қытай үшін де өте маңызды болайын деп тұрған секілді

    • Аягул Ермек 10 Қыркүйек, 2019 15:47 Жауап

      CCTV арнасынан көрсетіледі деп тұр. Әлі шықпаған болуы керек. Өте қызық сұхбат болайын деп тұр.

  5. Еркегали 10 Қыркүйек, 2019 15:49 Жауап

    Ресейдің журналисіне берген сұхбаты маған ұнаған, ол жерде Тоқаев жан-жақты көрінген еді. Бұл қалай болар екен, Сапар алдындағы ойлары қандай болмақ?!

  6. Орынбасар 10 Қыркүйек, 2019 18:06 Жауап

    Қазірдің өзінде барлығын қызықтырып тұр, не туралы айтылды екен деген, бәлкім ертеңдері еліміздің көптеген медиа ресурстарында шығып қалуы мүмкін.

    • жарас 10 Қыркүйек, 2019 18:11 Жауап

      Президент қытай тілін жетік біледі. Қай ел болса, сол тілде сөйлесетіні расымен де керемет!

  7. Алматылық 10 Қыркүйек, 2019 18:11 Жауап

    Қытайша мерейіне келтіріп айтып, көптеген қытайлықтардың өзін тәнті еткен шығар, мұның өзі үлкен идеология және дипломатия.

Пікір немесе жауап жазу

2 × 3 =