Конституциядағы 7-баптың 2-тармағы қазақ тілінің жолын кесіп келе жатқаны ащы шындық – Әуелхан Назарқасымұлы

2372

Халықтың жан жарасын айту – Азаматтық парыз, нағыз патриоттық!

Ал «Жошы хан, Алпамыс батыр, Қорқыт Баба» әруақтарын қозғау-кез келген қазақтың рухын асқақтатары да сөзссіз!

Халық асыға күткен Ұлттық Кеңесте алдыңғы қатарлы сөз алғандардың бірі қоғам қайраткері Қазыбек Иса «Біздің Әлеуметтік-мәдени тобымызда 14 мүше бар. Бәрі қазақтың белгілі зиялылары, қайраткер, қаламгерлері. Біз өткендегі алғашқы ұйымдастыру отырысында бірінші көшпелі мәжілісімізді Әлеуметтік топ болғандықтан, ашық күнде аспаннан бомба жауған Арыс қаласынан бастаймыз деп шештік» деген жолдардан бастады»

Ақын Қазыбек Иса өзі айтқандай Арысқа «бейбіт күнде аспаннан бомба жауғанда» сол күні апат әкелген төртінші жарылысқа дейін түк бітірмеген билікті сынап мақала жазды. «Ақ жол» партиясының Азат Перуашев бастаған Парламент депутаттарын алып келіп, снарядтары шашылып жатқан жабық қалаға кіріп, жағдаймен танысты. Ақынның «Адамы жоқ Арыс қаласы» деген зерттеп жазған мақаласы мен «Арыс апаты» атты Рух жырын толқымай оқу мүмкін емес.

Ия, сол күні арыстықтар ана баладан, бала әкеден айырылып жатты. Мұндайды басынан өткізбеген адам түсіне қояр ма екен? Анасын іздеп шырылдаған титімдей баланың әр минуты мен баласын іздеп көз жасын көл қылған ананың әр секунды таразы басына қойылғанда, екінші басына қаншама байлық, алтын қойылса да ана мен баланың бір тамшы көз жасын тарта алмас еді.

Одан ары төрт күн бойы бұрын көрмеген қаншама халық ықылас көрсетіп тұрса да өз үйің, өз өтенің болмаған соң бәрі де бекер болатынын сезінген де осы Арыс халқы.

Жарылмай қалған снарядтары толықтай тазартылмаған, сол жарылыс болған әскери қойманың қою түтіні басылмай тұрғанда еріксіз Арысқа кіргізілген де осы халық.

Жарылыстан жарамсыз болып, осыған дейінгі ұрпағына тірнектеп жинаған дүниесі-шашылып жатқан баспанасын көріп, дарбаза алды кіреберісте қаншама адамы отырып қалған да осы Арыс халқы еді.

Ия, Ұлттық мүддені қорғау-мемлекеттік тілден басталады. Ал тілді қорғау үшін, сол тілдің жан жарасын қорғау – ол халықтың жан жарасын түсінумен басталуы керек еді. Солай болды да. Конституциядағы 7 бап 2 тармақ көзге шыққан сүйелдей қазақ тілінің жолын кесіп келе жатқаны да ащы шындық. Міне соны Президент алдында, бас қосып отырған Ұлттық кеңес алдында қасқая қарап айту-азаматтық парыз бір бөлек, еліне жаны ашыған нағыз патриот адамның сөзі болды. Ол-рухты ояту, қазақ қоғамын дүр сілкіндірер шешуші сәт көрінісі еді.

Рахмет, саған, қаз дауысты Қазыбек бауырым! Көзіме жас алдым, шынымды айтсам, 7 бап 2 тармақты айтқанда…Алланың нұры жаусын!!….

Алда келе жатқан Латын әліпбиінің өміршең болуы үшін кесек-кесек мысалдармен жеткізе білді.

Президентіміз бастап берген Ұлытаудағы Жошы ханды ұлықтау, Алпамыс батыр, Қорқыт Баба әруақтарын қозғау- кез келген қазақтың рухын асқақтатары да сөзссіз!

Әуелхан Назарқасымұлы,

Түркістан облысы, Арыс қаласы