Қарағандыда алғашқы «Kúzdik Jarty Marathon» өтеді

Тұп-тура екі аптадан кейін тағы бір ауқымды спорттық іс-шараға куә боламыз. Нақтырақ айтсақ, 22 қыркүйекте Қарағанды қаласында алғашқы «Kúzdik Jarty Marathon» өтеді. Осы орайда qaragandy-marathon.kz бұл жартылай марафонға қанша қатысушы тіркелгенін және олар қандай қашықтықты таңдағанына тоқталмақшы.

Жалпы, қандай іс-шараға болмасын адамдар жақындағанда асығатыны белгілі. Сондықтан «Kúzdik Jarty Marathon» ұйымдастырушылары тіркелу 1 тамызда басталғанымен, адамдардың белсенділігі қыркүйекте басталатын шығар деп ойлаған еді. Бірақ тамыз айында да біраз адам тіркеліп үлгерді.

«Kúzdik Jarty Marathon-ға» қатысу үшін qaragandy-marathon.kz сайты арқылып тіркеліп, үш қашықтықтың біреуін таңдау керек және жарнасын төлеу қажет.

Жарнаны реті келсе, банк карточкасы арқылы онлайн төлеген ыңғайлы. Өйткені, 20-21 қыркүйек күні бастапқы пакетті алатын кезде кезекке тұрып төлем жасағаннан, онлайн төлеген оңай.

Қазіргі кезде «Kúzdik Jarty Marathon» қатысушыларының саны 600-ге жақында қалды. Олардың арасында 7 шақырымды таңдағандар өте көп.

Айта кетейік, Қарағандыдағы «Kúzdik Jarty Marathon-ға» онлайн өтінім қалдыру 2019 жылдың 1 тамызынан 19 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал жартылай марафонның өзі 22 қыркүйекте өтеді. Оған Қазақстанның кез келген өңірі мен алыс-жақын шетелден кәсіби марафоншылар мен әуесқой жүгірушілер қатыса алады. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық-бұқаралық мерекеге қатысушылар үш қашықтықтың біреуін таңдай алады. Яғни – жартылай марафон (21 шақырым 97,5 метр), 14 шақырым және 7 шақырым.

Тіркеу жарнасына тоқталатын болсақ, 21 шақырым 97, 5 метрге – 5000 теңге. 14 шақырымға тіркелу жарнасы – 3000 теңге.7 шақырымға тіркелу жарнасы – 1500 теңге.