Смағұл ЕЛУБАЕВ: Орыс тіліне ресми тіл басымдығын беретін баптардан құтылу керек

2722
4
Бөлісу:

Биылғы Жолдау әсіресе, мәдениет майданының өкілдері үшін ерекше болғанын атап айтайық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі туралы мәлімдеме жасай отырып, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ететін мезгілдің жеткендігін тілге тиек етті. Меніңше, бұл – Қазақстанның саяси өмірі үшін үлкен жаңалық. Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы үшін Жолдауда нақты атап көрсетілмеген астарлы дүниелер жатыр. Ол үшін Атазаңымыздағы мемлекеттік тілдің дамуына кедергі келтіріп, орыс тіліне ресми тілі ретінде басымдық беріп отырған баптардан құтылуымыз керек. Тіл туралы мәлімдемені жүзеге асыру үшін құқықтық реформалар қажет екені де анық. Президентіміз Қ.Тоқаев берген уәдесін орындайтынын баса айтты. Демек, елде көптеген оң өзгерістер алып, дамудың жаңа сатысына шығамыз деген үміт бар.

Сондай-ақ жаңа Жолдау халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағыттталғандығымен де ерекшеленді. Халықтың күткені де осы еді.

Қазір халық үшін әлеуметтік мәселе бірінші кезекте тұр. Айталық, бізде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар өте көп. Шынын айтқанда, біздің халықтың басым бөлігі кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бәріміз де сол кедейлер қатарындамыз. Сонымен қатар, мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың хал-ахуалына көптеп көңіл бөлу керектігін де атап айтты. Осындай көпшіліктің көкейіндегі мәселелер шешімін тауып жатса, халыққа керегі де осы емес пе?

Сондай-ақ, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы да өте орынды айтылды. Бұл өз кезегінде осы салада маңдай терін төгіп, еңбек етіп келе жатқан жандардың көңіліне қуаныш ұялатты.

Смағұл Елубай,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Амантай 5 Қыркүйек, 2019 11:40 Жауап

    Президент қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ететін мезгілі жетті деген жоқ ,кезең келеді деді. Неге айтылған сөзді бұрмалап отырсыз. Қазақ тілі 30 жылда ұлт аралық қатынас тілі түгілі, мемлекет құрушы ұлт қазақтың тілі бола алмады. Президенттің кезең келеді дегені бүгін, ертең емес екені өзінен-өзі түснікті ғой. Сондықтан қуануға әлі ерте. Мемлекеттік тілдің тағдыры айтылған сөз емес, нақты іспен ғана шешілетіні белгілі.

  2. Ааааа 5 Қыркүйек, 2019 18:57 Жауап

    Тіл мәселесі тек заңменен ғана орындалады,. Целина кезінде бір кунде жабылған қазақ мектептері.

  3. Гүлмария. 6 Қыркүйек, 2019 12:27 Жауап

    Аиту бір басқа,аитылғанды бұлжытпаи орындау бірбасқа.Екі ұшты ғып қоиып отырса,әлі уақыты келмеді деп тағы 30 жылға созып қоиса ,тілдің шаруасы бітті деи бер.қазіргі уақыт сын сағат дегім келеді. ПРЕЗИДЕНТ ӨЗ СӨЗІНІ ЖАУАПТЫ БОЛСА,онда көп ұзатпаи өз пәрменімен заң қабылдап мемлекеттік барлық шаралар қазақ тілінде өткізсе бұл өз қолында.

  4. Айтмұхамет 6 Қыркүйек, 2019 21:03 Жауап

    Мезгіл жетті деп қадап айтқан жоқ, кезең келеді деп қақалып айтты. Ол кезеңі кашааан келеді???

Пікір немесе жауап жазу

он бес − 7 =