Белгілі заңгер Жолдауда айтылған жемқорлықпен күрестегі келеңсіздіктерге пікір білдірді

3289
36
Бөлісу:

Ислам Әбішевке Өмірзақ Шөкеев, Бердібек Сапарбаев, Асылжан Мамытбековтердің үстерінен арызданса, бостандыққа жіберілетіні айтылған…

 

 

Белгілі заңгер Абзал Құспан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауына қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Атап айтқанда, Президент өз Жолдауында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет екені айтқан болатын.
Заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ, – деген болатын Президент өз Жолдауында.
Осыған орай заңгер Абзал Құспан Президенттің тура айтқан өткір сынын қос қолдап қолдайтынын, өйткені осы мәселенің адвокаттар тарапынан көтеріліп келе жатқанына көп уақыт болғанын атап өтті.
– Ұлттық бюро қызметкерлері көрсеткіш қуып, арандатушылыққа барып жатуы туралы аз айтылып жатқан жоқ. Соңғы кездері «шенеуніктің бәрі – жемқор» деген халықтың арасында көзқарас қалыптасты. Әрине, жемқорлықпен күресу керек. Біз бәріміз жемқорлықтың азаюын қалаймыз, – деді заңгер А. Құспан.
Сонымен қатар, ол Президент айтқан арандатушылық мәселесіне мысал ретінде өзінің қорғауындағы Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішевтің жағдайына тоқталып өтті.
– Мамыр айынан бері бұл мәселені көтеріп келе жатырмыз. «Ислам Әбішев пара алуға оқталды» деген айып тағылып отыр. «Қаз Байлық» ЖШС-нің шаруасын шешіп беру үшін ақша бермек болыпты-мыс. «Қаз Байлық» болса «Ешкімге ешқандай ақша бермедік және ондай ойымыз да жоқ» деп отыр. Олар өздерінің сыртынан «Әбішев ақша сұрады» деп, жала жабылып отырғанын білмейді де екен. Бәрін былықтырып жүрген Шәймерденов деген қаржы полициясының бұрыңғы қызметкері. Ол «Қаз Байлыққа» тікелей де шықпайды. Ол сол серіктестікке қатысы бар бір адамды табады. Сөйтіп, бірнеше адамға айтылады. «Қаз Байлық» ақша бермейтін болғасын, ол қаржы полициясына барып арыз жазады. Ақыры, Ислам Әбішев ол параны алмаған соң, «Пара алуға ұмтылды» деп іс қозғайды. Міне, осыдан кейін мен Шәймерденовті «кәсіби правокатор» деп атаймын, – деп мәлімдеді.
Сонымен қатар Абзал Құспан Ұлттық бюро қызметкерлері Ислам Әбішевке таяқтың ұшын Өмірзақ Шөкеев, Бердібек Сапарбаев, Асылжан Мамытбеков секілді белгілі лауазымды тұлғаларға бұрып, үстерінен арызданса, бостандыққа жіберетінін жеткізгенін де тілге тиек етті.
Заңгердің айтуыншы, осындай арандатушылық әрекеттерге тыйым салыну керек.
Сондықтан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан жемқорлықпен күрес  зәселесіндегі осы бір өзекті жайт заңгерлер тарапынан да үлкен қолдауға ие екенін жеткізді Абзал Құспан.
qazaquni.kz
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 36 пікір жазылған

  1. Əмирхан есембек 5 Қыркүйек, 2019 13:04 Жауап

    Мектепте ништа мұғалімдерге қысым көрсеткен жағдайда қайда хабарласуға болады

  2. Лира 5 Қыркүйек, 2019 17:12 Жауап

    Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық мəселесіне аса мұқияттылықпен үңілген мемлекет басшысы саладағы қордаланған мəселелерді шешеді деген ойдамыз. Əбішев те назардан тыс қалмаса екен.

  3. Раушан 7 Қыркүйек, 2019 01:38 Жауап

    Соттың сөзі шынында күлкілі екен. Мен не деймін, домбырам не дейдінің керін келтіріп отырған. Əбішевке бостандық талап етеміз!!@

  4. Есенкүл 10 Қыркүйек, 2019 12:15 Жауап

    Жолдауда халықтың көкейіндегі көп дүниені айтқан Тоқаев жемқорлыққа да ерекше тоқталып өтті. Бар үмітіміз – Тоқаев мырза да. Əбшевке қатысты оң шешім шығарады деп сенеміз.

  5. Айнагүл 11 Қыркүйек, 2019 18:42 Жауап

    Тоқаев берген уəделерін орындайтындарын шегелеп айтты. ТƏп сəтте үп тамырымен жойылып кетпесе де жемқорлық осы бағытта тындырымды тірліктер атқарылады деген ойдамыз. Əбішевке бостандық сұраған елдің дауысын естиді деп ойлаймыз мемлекет басшысы.

  6. Анаркүл 13 Қыркүйек, 2019 11:19 Жауап

    Анығын айтқанда ел Жолдаудан көп үміт күтті. Ел күткен үміт те ақталды. Көптің көкейіндегі көптеген мəселе айтылды. Əбішевтің қандай адам екенін білікті адвокат Абзал Құспанов дəлелдеп тұр. Ендігі бар үміт сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға уəде берген Тоқаевта деп ойлаймын.

  7. Гүлназ 14 Қыркүйек, 2019 01:44 Жауап

    Пара алуға оқталғанның бəрін түрмеге тоғыта берсек, кім болғагымыз? Бостандық берілсін!

  8. Шандоз Сагиева 14 Қыркүйек, 2019 17:01 Жауап

    Барып турган Ессиздик! Басынушылык! Типти кокан-локкыдан да жиренбей тур! Осындай жалакорлардан Калай кутыламыз?! Булар кун сайын Акша десе тек Басынып келе жатыр!

  9. Айгерим Отебайкызы 14 Қыркүйек, 2019 17:04 Жауап

    Бастысы, ким не десе де, биз Ислам агамен биргемиз! Халык Исламмен бирге! Жане биздин сенимимизге бир де бир жалакор кир келтире алмайды!

  10. Айман 15 Қыркүйек, 2019 17:39 Жауап

    Жақында өткен пресс конференцияда біраз ақпаратқа қанық болды ау халық.Дулат көкеміз Əбішев мəселесін қозғаймын деді. Алла қолдасын ендеше!

  11. Айбала 15 Қыркүйек, 2019 17:49 Жауап

    Абзал Құспан күні бүгінге дейін қаншама күрделі істің басы-қасынан табылып, қаншама жанның басына төнген қауіпті сейілтті. Исекеңе де бар күш-жігерін жұмсап жатқан маман қандай да бір нəтиже шығарады деп сенеміз.

  12. Гүлдана 16 Қыркүйек, 2019 16:34 Жауап

    Бұл жолдаудың бұрынғыдан өзгерек екенін айтқан көпшілік президенттің бұл жолғы халыққа сəлемінен үлкен үміт күтуде.Жазықсыз жала құрбаны боп кеткелі тұрған Əбішевке араша болма екен

  13. Бағила 18 Қыркүйек, 2019 23:33 Жауап

    Əбеке өзіңізден күтіп отырмыз, жақсы хабарды. Исекең ісінен не хабар? Алла жар болсын! Тілеулеріңізді тілеп отырмыз.

  14. qyz balasy 19 Қыркүйек, 2019 14:30 Жауап

    Ислам Әбішке жала жауып, Өмірзақ Шөкеев, Бердібек Сапарбаев, Асылжан Мамытбековтіде іс қозғағысы келгендері ме? Бұл жансыздар кімдер сонда?

  15. Ақнұр 19 Қыркүйек, 2019 19:02 Жауап

    Ұлттық бюро қызметкерлері ұлтқа қарсы жұмыс істеп отыр ма сонда? Мұнысы қалай? Бердібек Сапарбаев, Асылжан Мамытбековтерде несі бар?Орынсыз тергеуді доғарып, Əбішевты бостататын кез жетті.

  16. Гүлім 20 Қыркүйек, 2019 23:00 Жауап

    Жолдауды жаппай қолдап жатқан жұрттың көкейінде сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабылады ма деген үміттің оты жылт еткені аян. Бұл тұрғыда жазықсыз жапа шегіп жатқан Əбішевтің ісі ескерусіз қалмаса екен.

  17. Гүлжанат 20 Қыркүйек, 2019 23:05 Жауап

    Абзал мырза Əбішев ісіне кінəлі азаматтың аты аталатыны туралы айтқан еді. Рухы мықты азамат Исекеңнің алдынан ақ жол ашылса екен, Алла қолдап.

  18. Айжана 21 Қыркүйек, 2019 12:45 Жауап

    Абзал мырза талай кінəсіз жанның Алладан кейінгі қорғаны болып, қапастан құтқарып шықтыңыз. Əбішев ісінде де қалың еліңіз өзіңізге үміт артуда.Сəттілік тілейміз.

  19. Айман 22 Қыркүйек, 2019 00:55 Жауап

    Əбішев ісіндегі заң орындарының заңсыздықтарды атап көрсетіп берген Абзал Құспанға Алла разы болсын!

  20. Айгерім 22 Қыркүйек, 2019 22:15 Жауап

    Жолдауды қолдаған ел Əбішевті де қолдайды. Сіз Мықтысыз аға! Қандай сынға төтеп бере аларлық сізде төзім бар. Аз қалды. Сіз шығасыз бостандыққа. Еліңіз бұған сенімді.

  21. Гүлжан 25 Қыркүйек, 2019 21:19 Жауап

    Бұл не сұмдық? Асылжан Мамытбеков, Бердібек Сапарбаевтардың кезегі келіп тұрғаны ма сонда? Елім деген ерлердің бəрін абақтыға айдап, сонда бұлардың көздегені не? Ойлаудың өзі қорқынышты. Əбішевті босататын кез жетті…

  22. Ирина 26 Қыркүйек, 2019 12:16 Жауап

    Алматыдағы бас дəрігердің басына қауіп төленгенде медицина қауымдастығы араша сұрап өте түрегелді. Су шаруашылығы комитетінің қызметкерлері қайда Əбішевтей ілкімді істер атқарған эксбасшыларына араша түсетін. Қолдаңыхжар Əбішевті

  23. Мадина 26 Қыркүйек, 2019 12:20 Жауап

    Ирина олар бірдеңе деуге қорқатын шығар бəлкім. Бірақ Əбішев қолдаусыз емес. Исекеңнің артында ол кісінің арының таза екенін жақсы қара орман халқы бар.

  24. Мадина 26 Қыркүйек, 2019 12:29 Жауап

    Абзал Құспан сізге сəттілік тілейміз. Барлық істе табандылық танытып жүрген білікті мамансыз.Əбішев ісі де оңынан шешіледі деп сенеміз.

  25. Жәмила 28 Қыркүйек, 2019 17:55 Жауап

    Ислам Әбішев ісі бүкіл елдің назарын өзіне аударды. Яғни, бұл іс қоғамның бақылауында. Сондықтан Абзал Құспан мырзаның кәсіби біліктілігінің арқасында бұл істе де әділдік жеңеді деп сенеміз. Алла жар болсын!

  26. Жанка 29 Қыркүйек, 2019 22:41 Жауап

    Тоқаевтың уəдесін орындайтыны рас болса, онда өз қызметін шектен тыс пайдаланып отырғандарға қатаң шара қолланылсын. Əбішевке бостандық берілсін!

  27. Елмира 29 Қыркүйек, 2019 22:43 Жауап

    Əбеке жөн ақ айтқаныңыз. Тәжірибелі адвокат ретінде халқымыз сізді бағалайды. Əбішев ісін аяқсыз қалдырмайды деп сенеміз.

  28. Жақсыгүл 30 Қыркүйек, 2019 22:44 Жауап

    Сот деген абыройлы қызметтің атына кір жұқтырған қайран сот орындаушылар ай.Əбішев ісін құлаққа сыйғызбай жібердіңдер ғой.

  29. Аягүл 30 Қыркүйек, 2019 22:45 Жауап

    Жолдауда айтылған сөздің барлығы тікелей халыққа бағытталғаны рас болса онда Əбішев босатылсын.

Пікір немесе жауап жазу

4 × бір =