БҚО-да колледж ғимараты опырылып түсті

545
0
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облысы Калинин ауданында колледж ғимараты опырылып түсті, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, көлемі 80 шаршы метр болатын қабатаралық жабын опырылған. Сондай-ақ, төтенше жағдайдың себебі ғимараттың ескіруі екені айтылады. Сарапшылар тобынан құрылған комиссия осыдан төрт жыл бұрын бұл ғимараттың апатты жағдайда екенін айтып, нәтижесінде колледжде сабақтар тоқтатылған екен.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Телеарнадағылардың мәліметінше, бұл ғимарат 1980 жылы салынған.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

16 − 13 =