Тоқаев жер ресурстарын тиімді пайдалануды тапсырды

Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті өңірде агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласының әлеуетін нығайтудың маңыздылығын айтып, әкімге жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін тапсырды. Сондай-ақ, ол балалар мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаевқа Ақмола облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.