Тоқаев жер ресурстарын тиімді пайдалануды тапсырды

834
15
Бөлісу:

Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті өңірде агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласының әлеуетін нығайтудың маңыздылығын айтып, әкімге жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін тапсырды. Сондай-ақ, ол балалар мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаевқа Ақмола облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Ереке Ерболов 3 Қыркүйек, 2019 10:58 Жауап

    артық шығындар жасамай, жерді тиімді игеруіміз керек. осы тұрғыдан дұрыс деп ойлаймын.

  2. Марат 3 Қыркүйек, 2019 15:07 Жауап

    Екі ел арасындағы ынтамақтастық әріптестікті дамыта берген дұрыс, бірақ бұл жерде ұлттық мүддені ұмытпаған жөн.

  3. Алматылық 3 Қыркүйек, 2019 15:41 Жауап

    Ақмола облысының потенциалы орасан зор, оны тиімді пайдаланса, көп нәтижеге қол жеткізуге болады.

  4. Еркебулан 3 Қыркүйек, 2019 16:16 Жауап

    Ресеймен арада өткізілетін форумды экономикалық дамудың негізгі тетігі етіп пайдалану керек.

  5. Орынбасар 3 Қыркүйек, 2019 16:25 Жауап

    Егер де жерді тұрғындар мен бизнесмендер тиімді пайдаланбаса, онда оларды мемлекетке өткізу шараларын қабылдаған дұрыс.

  6. Темирбек 3 Қыркүйек, 2019 16:35 Жауап

    Ресейден келетін бизнес өкілдерін мейлінше біздің елге инвестиция құюға шақыру керек.

  7. Сунгат 3 Қыркүйек, 2019 16:55 Жауап

    Ақмола облысынң көрсеткіштері жаман емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары екені байқалады.

  8. Марат 3 Қыркүйек, 2019 16:57 Жауап

    Тоқаев дұрыс айтады, Жер – тек қолданып елге, өзіне пайдасын тигізетін адамға берілуі керек.

  9. Айман 3 Қыркүйек, 2019 16:59 Жауап

    Президенттің айтқан сөзі дұрыс, жердің иесі қазақ, бірақ сол кең байтақ жердің қадірін біле алмай жатырмыз.

  10. Самат 3 Қыркүйек, 2019 17:00 Жауап

    Маржықпаев жас та болса қолынан іс келетін жігіт екен, енді аэропортты жақсылап бір жөндеп берсе бәрі де қатып кетер еді.

  11. Аягул Ермек 3 Қыркүйек, 2019 17:49 Жауап

    жерлер боска жатканша игерілуі керек. сол себепті тиімді жолдарын ойлап тапқаны дұрыс

Пікір немесе жауап жазу

жиырма + екі =