Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды

334
0
Бөлісу:

Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстан Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болып Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев, ал Үкімет басшысының өкімімен Үкіметтің Парламенттегі өкілі болып Ермек Әмірханұлы Аманшаев тағайындалды», – деді Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар ол тағайындалған тұлғаларды лауазымды қызметке келуімен құттықтады.

«Заң шығару процесін жетілдіруге және депутаттар көтеретін маңызды мәселелердің оң шешілуіне үлес қосасыздар деп сенеміз», – деді ол.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он − жеті =