ҚАЗАҚ ТІЛІ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТІЛІ БОЛАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ! – Президент

1525
4
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған тұңғыш Жолдауында Қазақ тілінің мәртебесі туралы айтты.

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет», – деді Президент жолдауында.

Осыған байланысты әйгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков «Тіл болмаса – Ұлт болмайды» деп «Қазақ үні» порталына Президенттің батыл бастамасына қолдау білдіріп, өз пікірін айтты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 2 Қыркүйек, 2019 14:01 Жауап

    Ұлттық тілдің мәртебесін көтеру жөнінде көтерілген мәлімдеме өте орынды айтылған! Мемлекеттің әрбір тұрғыны ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді толық қолдануы міндетті. Ұлттық тілдің мәртебесін көтеру және оның қолданысқа енгізуін толық қолдаймын!

  2. Гүлім 3 Қыркүйек, 2019 00:12 Жауап

    Тіліміз бен ұлтымыз бар болуы үшін жəне де нар болуы үшін Президентіміз айтқан биіктен көрінуі үшін Ұлттық кеңестің төрінде ұлт жанашырлары айтқан қазақ тіліне қатысты ұтымды ұсыныстарды жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек .

  3. Абзал Тоқанов 4 Қыркүйек, 2019 11:51 Жауап

    Ана тіліміздің төрге озып, есіктен сығаламауын көру арманымыз еді. Осы мақсатта жұмыла қызмет етсек, еліміздің ертеңгі болашағы да жарқын болмақ. Қуан қазақ!!! Мемлекет басшысының айтып отырғаны көңілге қонады!!! Мемлекеттік тіл өз биігінде болып, еліміздегі әрбір ұлт оны қолдануы заңды әрі міндетті!!! Бұл мәселе енді еліміздің барлық өңірінде тұтастай қолдау табуы тиіс!!!

    • Мешіт Ғазиз 4 Қыркүйек, 2019 11:59 Жауап

      Негізі бұл мәселе өте өзекті. Мемлекет басшысының тарапынан көтеріліп отырған ұсыныстар мен тапсырмалар оң шешімін табар. Ана тіліміздің мәртебесі көтерілуі керек. Едігі кезекте тіл төңірегіндегі жұмыстар бір ғана дөңгелек үстел немес даңғаза фоумдардың тасасында қалмау керек.

Пікір немесе жауап жазу

он + екі =