Нұр-Cұлтан орталығында асфальт опырылып түсті

282
0
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан орталығында асфальт опырылып кетті. Жолдың көлік жүретін жеріндегі шұңқыр Мәңгілік Ел даңғылында пайда болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана Су Арнасы» МКК жұмысшылары асфальт түсіп кеткен Мәңгілік Ел, 39 телімінде кәріз құдығын қалпына келтіру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні кәріз құдығы ауыстырылып, жол төселеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде Маңғілік Ел даңғылындағы автокөлік қозғалысы шектелемейтіні хабарланды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

бес × 4 =