Президент Рабиға Сыздықты «Барыс» орденімен марапаттады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Р. Сыздықты І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы Қаулы қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"1. Қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Рәбиға Сыздық І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" - делінген Президент Қаулысында.