Алматыдағы Саин көшесінде көлік жылдамдығы қайта артады

Алматы қаласындағы Саин көшесі бойындағы көлік жылдамдығы өзгереді, - деп хабарлады baq.kz.

Бүгін түңгі сағат 00:00-де әл-Фараби даңғылы мен Шығыс автокөлік айналма жолындағы көлік жылдамдығы сағатына 80 км-ге ауыстырылады. Тек Бағанашыл ықшамауданының  бұрылысынан Ходжанов көшесіне дейінгі бөлік пен Шағын Желтоқсан көшесінің маңындағы жылдамдық 60 болып қалады.

«Осыған дейін Саин көшесінің бойындағы  көлік апаты жағдайына қосымша сараптама жүргізілді. Нәтижесінде бұл көшедегі жылдамдықты 80-ге дейін арттыруға болатыны анықталды. Көше бойындағы жылдамдықты өлшейтін камералар жаңа жылдамдыққа қайта бапталды. Ал көше бойындағы жылдамдық белілері бүгін түгелдей ауыстырылады», - дейді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мураталиев.