Магистратураға грантқа түскендердің тізімі жарияланды

Бұл туралы Қазақстан республикасы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов мәлімдеді. Нәтижелерді Testcenter.kz сайтынан немесе Konkurs_magistratura_2019 телеграм-ботынан білуге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының берген мәліметі бойынша, 9 701 грант өз иесін тапса, бірінші айналымнан қалған гранттар сұранысы жоғары мамандықтарға қайта бөлініпті. Ал иесін таппаған 3 108 мемлекеттік тапсырыс бюджетке қайтарылады екен.