Марат Тәжин «Рухани жаңғыру» жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді

Бөлісу:

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда бағдарламаны іске асырудың екі жарым жыл ішіндегі қорытындылары қаралды және алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды. Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары үкіметтің кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес жалғасуда. Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық және Ақпараттық жұмыс жөніндегі 4 топ жұмыс істейді.

«Жаңа гуманитарлық білім» жобасы бойынша   Cambridge University Press, Oxford University Press және басқа да ірі халықаралық баспалармен ынтымақтаса отырып, философия, саясаттану, дүниежүзілік тарих, экономика, әдебиет теориясы, халықаралық құқық, ориенталистика, педагогика және басқа да ғылымдар бойынша 48 оқулық қазақ тіліне аударылып, шығарылды. Бұл жұмысқа жоғары оқу орындарының білікті оқытушыларынан, редакторлардан, аудармашылар мен лингвисттерден құралған 300-ден астам маман қатысты. Оқулықтар еліміздің 113 жоғары оқу орынына жеткізілді және оқытушылар мен студенттердің жоғары бағасына ие болуда. Олардың электрондық нұсқалары еркін оқу үшін «Қазақстанның ашық университеті» порталында орналастырылды.

«Туған жер» жобасы  бойынша 10 мыңнан аса меценаттың қатысуымен  1800 мәдениет, білім, спорт нысаны жаңадан салынып, 1,5 мың нысан қайта қалыпқа келтірілді. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша тарихымызда тұңғыш рет Қазақстандық поэзия мен проза антологиясы БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, жарыққа шығарылды, оның халықаралық таныстырылымы қыркүйек айында басталады.

«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы бойынша 28 тарихи нысан қайта қалыпқа келтіріліп, ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. «Отырар» және «Тамғалы» визит орталықтарының құрылысы аяқталуда. Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заңнамалар жетілдірілуде.

BBC World News, «Euronews» телеарналарымен ынтымақтастықта Қазақстанның киелі нысандары туралы деректі фильмдер циклі түсірілді. Қазақстандық қоғамдық даму институты және өңірлерде жобалық офистер құрылды.

Мәдениет және спорт министрлігімен мәдениет саласындағы меценаттықты ынталандыру жөніндегі ұсыныстар дайындалды.

Білім және ғылым министрлігі волонтерлік қызметі үшін студенттерді материалдық ынталандырудың тетіктерін әзірледі. 4-6 қыркүйекте Қазақстан елордасында Азия қаламгерлерінің бірінші Форумы өтеді, оған қырыққа жуық елдің танымал ақын-жазушылары қатысады.

Тамыз айының соңында «Музейдегі түн» жобасы іске қосылады, онда қазақстандықтар әр айдың төртінші сенбісінде сағат 21-ден 3-ке дейін елді мекендегімузейлердің бірін тегін аралай алады. Жаңа телевизиялық маусымда республикалық эфирге мәдениеттанушылық сипаттағы радио және телевизиялық бағдарламалар циклі эфирге шығады.

Халықты латын графикасындағы жаңа әліпбиге оқытуға бағытталған бейнероликтер мен бейне лекциялар телеарналар эфирлеріне шығарылады, сондай-ақ интернетке орналастырылады. Классикалық музыканы бағалаушылардың сүйіктісіне айналған «Классик» радиосының тарату аумағын кеңейту жоспарлануда.

2020 жыл Волонтерлер жылы деп жарияланды. Осыған байланысты Мемлекеттік хатшы Марат Тәжинмемлекеттік органдарға студенттердің қоғамдық пайдалы қызметіне қолдау көрсету шараларын қабылдауды жеделдетуді тапсырды.

Отырыста Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мурзалин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова сөз сөйледі.

Бөлісу:

10 пікір жазылған

  1. Қария 23 Тамыз, 2019 11:20 Жауап

    Әбден жалықтырған саясаткерсымақтардан қашан құтыламыз? Ондаған жыл түк бітірмеген осындайлар өз еріктерімен кетпей ме? Ұят, намыс деген жоқ-ау осыларда.Халық олардың түрін көрсе жүректері айниды. Соны неге түсінбейді олар?…

  2. Бек МЫРЗАҰЛЫ 23 Тамыз, 2019 20:41 Жауап

    Толықтай келісеміз, бұрынғы ондаған жылдар жылтыр бос сөзбен жарылқаған жандайшап саясаткерлерді босату қажет. Жаңаша жұмыс істейтін жастарды қызметке алған ұтымды.

  3. Төреғали Қазиев 24 Тамыз, 2019 23:40 Жауап

    Рухани жаңғыру бағдарламаның арқасында көп жұмыс істеліп жатыр. Өзім көне тарихты зерттеймін, бірнеше кітап жаздым, шығардым, содан білемін. Туған жердің тарихы, аруақтарды білу, жастарды ұлт құндылықтарымен таныстыру, т.б. істер алға жылжуда. Міне, биылғы маусымда құтты мекен Ақтөбемізде Бөкенбай сардарға ескерткіш ашылды! Осындай бағдарламаны жүзеге асырған азаматтарымызға рахмет! Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры», Марат Тажиннің да еңбектері бұ жерде тек сөз ретінде емес, іс ретінде өздерін көрсетіп жатыр. Нәтижелі істі биік бағалау білуіміз керек!

  4. Сыншы 25 Тамыз, 2019 15:25 Жауап

    Тәжин және осыған ұқсас шенеуніктер жоғарыдан берілген нұсқауды көкекше қайталаушылар ғана. Өз бастарымен ештеңе істей алмайды. Істесе осы 30 жылда көрсетер еді ғой өздерін?..

  5. Дархан 25 Тамыз, 2019 22:18 Жауап

    Ресейде елші болып жүргенде Тәжин мырза олардың басшыларына Қазақстандағы орыстардың жағдайы жақсы деп мақтана есеп бергені есімізде. Сонда «Ресейдегі қазақтардың жай-күйі қалай?»- деп сұрауға жарамаған адамнан бірдеңе күтуге бола ма?..

  6. Төреғали Қазиев 26 Тамыз, 2019 10:37 Жауап

    Тажин идеологияны жүйелі түрде білетін саясатшы елімізде жалғыз. бұ кісі келгенде, жүйелі жұмыс басталады, кеткенде түртіп қашу орын алады, Ал, бюрократиялық саботаж дегенді ешкім жеңген емес. Дүрыс істі бұрмалау облысаудан бюрократтары үнемі жағдайлап қойды. Елбасы айтқандай, фестиваль, жиын өткізіп «рухани жаңғыру» шарасы деп «отчет» береді. Ал, ресейлік қазақтарының жағдайларына келсек, қай елші болса да, олардың өмірін біледі. Сіз қай жағын білгіңіз келді?

  7. Төреғали Қазиев 26 Тамыз, 2019 10:51 Жауап

    Ресей қазақтары сол елде ешкімнен кем де емес, озған де емес. Сол елдің қиындықтарын басқалармен бірге өтіп жатыр. Ешкімнен дым ды да сұрамайды. Қазақы ауылдар бітіп жатыр, бірақ бұл жағдай мында да. Ауылдан көшкендердің жартысы Қазақстанға, жартысы ресей қалаларына көшуде. Міне жағдай, ия, сонда елші не айтпақ керек дейсіз?

  8. Төреғали Қазиев 26 Тамыз, 2019 11:16 Жауап

    Орымбор облысында тудым, тұрдым, он сегіз жыл Ақбұлақ ауданында қазақтатар ұлттық ұйымының төрағасы болдым, облыстық қазақ ұйымы төрағасының орынбасары, правлениенің мүшесі, т.б. жұмыстарды атқардым. 2007 жылы Ақтөбеге көштім. Ұлтымыздың тарихы туралы бес кітап жаздым. Сүйтіп жағдайды жақсы білемін. Айтарым, ресейлік бюрократия халықтың өміріне он есе қиындау, біздің қазақ қазір қалың ел Қазақстанымызда бақыттының бақытты өмірін көріп жатыр, өзіне өзі қожа, ешкім түртпейді, ананы істе деп, мынаны деп, әірі өзіңнің қолыңда. Қиындықтар бәр елде бар, болады да, өмір күрес. Зарлаудан бала тумайды. Ал, әр адамның еңбегін нақты бағалау керек, нәтижелеріне қарап.

  9. Сәкен 26 Тамыз, 2019 15:33 Жауап

    Бізде мықты саясаткерлер жоқ. Президенттің, премьер-министрдің немесе министр әкімдердің жіберген қателіктерін көрмейді, көрсе де бір ауыз өз пікірін айта алмайды. Ондай саясаткерледің барынан жоғы жақсы. Кеше біреуге жағынса, бүгін екіншісіне бас шұлғитындарды саясаткер деуге болмайтын шығар. Өйткені басында керемет ойлар болса да сыртқа шығарып, халық пайдасына ұсынбаса одан не пайда?

  10. Төреғали Қазиев 26 Тамыз, 2019 21:57 Жауап

    Әр тұлға туралы нақты айту керек, конкретно, істері міне, қателіктері әне деп. Саясат мүмкіндіктің өнері – политика есть искусство возможного. Арамтамақтарды еңбекқорлармен тең қылу надандықтың белгісі.

Пікір немесе жауап жазу

4 + 9 =