Шөкеев Президентке Арыстағы жұмыстар жөнінде баяндады

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы 7 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен Түркістандағы құрылыстар жөнінде баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.